- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Сүмбіл шаш пен...
Сүмбіл шаш пен бұйра шаш
Екі әйелдің басындағы сүмбіл шас пен бұйра шаш қос жастық үстінде кездесіп сыр шертісті.
ــ Шіркін, не деген әдемі әрі ұзын едің?! Қап-қара болып, мөлдіреп тұрғаныңа қарағанда қайратың да мығым болар, ــ деп таңдай қақты қаланың қоңыр бұйра шашы қырдың сүмбіл шашына қызыға қарап!?
ــ Сен де бір кезде мен сияқты едің, қазір өте жүдеусің ғой, не болған саған? ــ деді сүмбіл шаш та көңілдегісін жасырмай.
ــ Е, несін сұрайсың, қалаға келіп, сан өліп, сан тірілдім, алғашында «жуылуым, өрілуім» қиын болып, қылтамнан қиылдым, одан соң, қалаға қарай қарманамын деп белімнен үзілдім де, ширатқан темір бұрандадай бір жылды артқа тастаған соң, бұл да жырғатпады, тағы да қырқыла-қырқыла желкеге жетіп, қоңыр сеңсеңнің өзі болып шыға келдім, ــ деп күрсінді бұйра шаш.
ــ По, әбден қиналыпсың ғой байқұс!
ــ Бұдан да сорақысын есті, ــ деп бұйра шаш сөзін жалғастырды, - кесіп, қырқып, электро тоққа қақтап дегендей, жүнін жұлған тауықша додаға түстім-ай кеп! Одан соң бояу деген сұмдығы тағы шықты. Мен қара, қоңыр, қызыл күрең, сары, күлгін, жасыл, көк, бөрте, сұр сияқты бояулардың бәрінен де еншімді алып отырдым. Сөйтіп, не шаш емес, не басқа емес осы күйге түстім!
ــ Неге?
ــ Неге дерің барма? Бәрі де қазіргі заманға үйлесу, жаңа модаға сәйкесу?
ــ Естімеген сұмдық қой бұл!
ــ Ал, сен өз жәйіңді айтшы, неге сол бұрынғы қалпыңды сақтап қалғансың? - деп өтінді бұйра шаш сүмбіл шашқа қиыла қарап.
ــ Мен сен айтқандардың біреуін де бойыма жолатпадым. Өзің көрген сол үлпілдеген жас шағымнан тартып, дәл қазірге дейін қазақтың қара сабынын істетіп, ұлы таудың мөлдір бұлағына жуынамын, одан соң ашық күнге біраз қақталып, жұмсақ самалмен толқын жара таранамын, қыр даласының тұнық ауасын жұтып бой жазамын, ــ деп ағынан ақтарылды сүмбіл шаш.
ــ Шіркін, өте бақытты екенсің! Ал, менің осы күйі кеткенім бе? ــ деп мұңайды бұйра шаш.
ــ Меніңше, бізді өз қалпында баптап өсіруге мына жатқан бастарымыз жауап беруге тиіс, ــ деп әділдігін айтты сүмбіл шаш.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan