- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Стивен Кинг: Жалғыздықтан...
Стивен Кинг: Жалғыздықтан бақыт таппаған біреумен де бақытты бола алмас
Стивен Эдвин Кинг – триллер, фантастика, фэнтези, мистика, драма секілді түрлі жанрда шығарма жазатын америкалық жазушы.
► Шығармаса болмайтын көз жасы бар, ол күн бе, түн бе қарамайды, оны қалайда шығарып, іштегінің бәрін өртеп алу керек.
► Бізге тек дұшпанымыз ғана шындықты айтады. Достарымыз бен сүйіктіміз өзіндік өтірік торының ішінде шегі жоқ өтіріктерін айта береді.
► Кейде білетін нәрсеміз сезінетін нәрсенің алдында дәрменсіз.
► Адамзат тарихындағы ең үлкен құлыптың саңылауы – Интернет.
► Мысықтар – өзгеше. Олар адамға деген қарым-қатынасын, көзқарасын өзгертпейді. Олар екіжүзді бола алмайды. Мысық бізді жақсы көретін болса, оны міндетті түрде білеміз, жек көретін болса да солай.
► Ашу – эмоциялар ішіндегі ең пайдасызы. Ми қызметін бұзып, жүрекке зиян келтіреді.
► Адам өзгеруді, сезінуді, сүюді тоқтатқан кезде... өледі...
► Үйің бұзыла бастаса, түрлі сынықтарды жамамай, жаңасын салу қажет.
► Адам өз өмірін өзі басқарғысы келсе, өз мәселелерін шешуді үйреніп алуы керек.
► Бақытты некенің сыры ортақ қызығушылықта және қайғыға қарсы тұра білуде екені баршаға аян.
► Егер жалғыздықта бақытты бола алмасаң, өзгемен бас қосқанда бақытты болуың да екіталай.
► Адам қолымнан келмейді деп ойлаған нәрсенің барлығын істей алатынын басқа амал жоқ кезде жақсы түсінеді.
► Көпшілікке ұнауға ұзақ уақыт жұмсасаң, оларға ешқашан ұнамайсың.
► Махаббат қорқынышқа толы мекенде өсе алмайды. Қараңғы жерде өсімдік семіп қалатыны секілді.
► Ақымақпен әңгімелесудің ең тиімді жолы – еш сөзін елемеу.
► "Қанға – қан, жанға – жан" деген тәсіл көп жағдайда нәтижесіз болады.
► Әйел заты сыр сақтай алмайды, бірақ олардың ешқайсысы жүрегінің түбіндегі сырды ешкімге ашпайды.
► Жақсылық күте білген жанға ғана келеді.
@. @assel_assanova