- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Сиқырлы аса таяқ...
Сиқырлы аса таяқ
Орыс деревнясында бір кісі өмір сүріп жатты. Ол бала күнінен қозғала алмайтын, сондықтан қолынан келер жалғыз ісі пеш үстінде жату еді. Ол осылай отыз жыл жатты. Егер осы ауылдың үстінен өтіп бара жатқан қария бұл үйге кірмегенде ол өз өмірінің соңына дейін жата берер ма еді.
– Маған су берші, шөлдедім,– деді шал.
– Мен сізге көмектесе алмаймын, өмірімде біреудің сүйеуінсіз осы уақытқа дейін бір де бір қадам жасаған емеспін,– деді де науқас жылап жіберді.
– Ал сен сол қадамды жасап көрмегеніңе көп болды ма?– деп сұрады ақсақал.
– Өте көп болды,– деді кесел адам. –Қанша жыл өткені менің тіпті есімде де жоқ.
– Міне, саған сиқырлы аса таяқ, осыған сүйен де суға барып кел,– деді қария таяқты ұсынып.
Ауру пештен сырғып түсті, ұйқылы-ояу адам секілді, аса таяқты құшақтап алды да аяғын нық басып... тік тұрды! Ол қайтадан еңіреп жылап жіберді, бірақ бұл жолы бақыттан еді.
– Мен сені қалай құрметтесем екен, сен маған неткен сиқырлы аса таяқты бердің?– деп сұрады жас жігіт.
– Бұл аса таяқ кәдімгі күректің сабы, сенің пешіңнің ар жағындағы қуыста тұрған,– деп жауап берді шал. – Оның ешқандай сиқырлы қасиеті жоқ. Сенің тұрған себебің, сен аса таяққа сендің де, өз әлсіздігіңді ұмыттың. Келесі жолы да өміріңде бір қиыншылықтар туа қалса, басқалардан көмек күтіп қарап отырушы болма, айналаңа анықтап қара. Жаныңнан тәңір сен үшін қалдырып кеткен қандай да бір «аса таяқ» табылып қалады,– деген екен.
Ж. Жұмағұлов