- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Шыдамай шағымданған –...
Шыдамай шағымданған – шығындалады
Супермаркеттер ең алғаш ашылып, халыққа қызмет көрсете бастағанда, жұрт касса алдындағы кезекті көп күтеміз деп шағымданды. Үлкен дүкен басшылығы кезек күткен халық зерікпесін деп, касса жанына сағыз, шоколад, кәмпит секілді ұсақ-түйек заттар орналастырды. Бұл супермаркетке $5 млрд шамасында қосымша табыс әкелді. Арыз-шағым тоқтады.
Төбесі көк тіреген үйлер жаңадан пайдалануға берілген кезде жеделсатымен жүретін халық көптігінен, "бәрімізге бірдей жетпейді, төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа өзгелерді тасимын дегенше, ұзақ күтеміз" деп ел ұлардай шуласты. Сонда басшылық жеделсаты жанына, ішіне айна орнатып, жұртты тыныштандырғандай болды. Ел емін-еркін айнадағы өз түрін көріп, өзгелерге де көз салып тұратын болды.
Әуежай әкімшілігіне жолаушылардан көп арыз-шағым түсті. Олардың мәлімдеуінше, жүгін тапсыру және алу үшін ұзақ уақыт күтуге тура келеді. Бұл шағымнан шаршаған әкімшілік ұшақтың басқышынан тасымалдағышына дейінгі жүкті алып өтетін жолды алты есе ұзартты. Енді күтудің керегі жоқ. Жолаушылар жүгін алуды күтетін уақытты жолға жұмсайды. Шағым да қысқарды.
Темірдей төзімділік, сарқылмас сабырлылық – адамның ұлы қасиеті. Сәл шыдамдылық танытсақ, бәрі өз орнына келетінін ұмытпайық.
@. @assel_assanova