"Шоушенктен қашу" (Побег из Шоушенка) фильмінде айтылатын қанатты сөздер

Жақын күндердің бірінде "Шоушенктен қашу" (Побег из Шоушенка) фильмінің қалай түсірілгендігін баяндаған едік, бүгін назарларыңызға сол кинода айтылған қанатты сөздерді ұсынамыз:

- Сені керек затқа қол жеткізе білетін жан дейді ғой.

- Мені бұлай атағанын қаламаймын. Мен бар болғаны кейбір заттың орнын білетін адаммын.

***

- Керегенің бір қасиеті бар: бастапқыда жек көресің, уақыт өте келе үйреніп қаласың, артынша ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың.

***

- Мен сол күні екі италиялық арудың не туралы өлең айтқанын білмеймін. Шынымды айтсам, білгім де келмейді. Бар болғаны олар жүректі лүпілдетуге мәжбүрлейтін тамаша дүниені айтқысы келгендей. Бұл дауыстар ол жердегі адамдардың аңсап жүрген жарқын үні еді. Бір сәтке екі торғай ұшып шығып, біздің Шоушенкті аралап, бостандық сыйлағандай күй кештік.

***

- Музыканың құдіреттілігі оны ешкім де тартып ала алмайтындығында.

***

- Білесің бе, мен бостандықта жүргенімде ең адал адам едім. Мірдің оғындай өткір болатынмын. Түрмеге отырғаннан бері нағыз қылмыскерге айналдым.

***

- Түрмеде адам ойына келгенін жасай алады. Оның миы үздіксіз жұмыс істеп тұрса болғаны.

***

- Адамды қағаз жасамайды. Және оның жоғалуына түрме еш уақытта себепші емес.

***

- Күн жаңа болса да, қалғаны - ескі тірлік.

***

- Кейбір дүниелерді толық айтып жатудың қажеті жоқ.

***

- Мексикандықтардың мұхит туралы не айтатынын білесің бе? Мұхиттың жады жоқ дейді.

***

- Барлығы бір нәрсеге жол бастайды: Не өмірмен айналыс немесе өлу үшін ғана өмір сүр.

***

- Жаратқан бізге жақсылық жасады! Адам жел секілді жоқ болып кетті.

***

- Ол бостандыққа жету үшін сасық иіске толы құбырмен 500 ярд жүзіп өтті. Мен мұны, тіпті, көз алдыма елестете алмаймын. Мүмкін жәй ғана елестеткім келмейтін шығар. 500 ярд дегеніміз – футбол ойнына айналған 5 алаңның ұзындығы.

***

- Энди Дюфрейн жаман суға сүңгіп, нәтижесінде таза болып шықты.

***

- Кейбір құс торда отыру үшін жаралмаған. Үні жабайы әрі құлаққа жағымды, өзі түрлі түске малынған. Оларға бостандық бермесеңіз, күндердің күнінде тамақ беру үшін торын ашқаныңызда сізге бой бермей ұшып кетеді. Ал жаратылысыңыз барлығы өз ретімен болып жатқандығын сезетін болады. Бірақ үйіңіз ол жоқ кезде қара түнекке айналады.

***

- Қырық жыл бойы дәретханаға бару үшін рұқсат сұрап келдім. Қазір де рұқсат сұрау әдетіме айналды.

***

- Үміт бәрінен де жақсы. Ол еш уақытта өлмейді.

***

- Басымдағы ауыр ойдың себебінен, толқи бердім. Мұндай сезімді тек еркін жүрген адам ғана басынан кешіре алады! Ұзақ сапардың алдында тұрған еркін адам!

***

- Мен шекарадан өте аламын деп үміттенемін. Досымды көріп, қол алысып амандасамын деп үміттенемін. Тынық мұхиты менің түстерімдегідей көк шығар деп үміттенемін. Мен үміттенемін...

 

"Шоушентен қашу" (Побег из Шоушенка) фильмін орыс тілінде онлайн көру:

 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru