Біз кейде шешім қабылдау үшін ұзақ ойланамыз. Дер кезінде шешім қабылдау жетістіктің бірінші баспалдағы. Бақытты болғыңыз келсе, ештеңені күтпеген жөн. Егер бір нәрсе үшін, қандай да бір істе шешім шығара алмай қиналсаңыз, мына тәмсіл сіз үшін! Бірде ызғарлы әрі тұманды күні екі бала қатып қалған көл үстінде коньки теуіп жүреді. Олар ойлағандай мұздың барлық жері қалың емес еді. Кенеттен мұз жарылып, балалардың біреуі суға құлайды. Екінші бала жалма-жан қолына тас алып мұзды ұрғылай бастайды. Ақыры мұзды жарып, досын шығарып алады. Құтқарушылар келіп, болған оқиғаны көрген соң: Сен мұны қалай істедің? Мұндағы мұз өте қалың және кішкентай тастармен, сенің мына кішкентай қолдарыңмен оны ойып түсіру мүмкін емес, деп сұрайды. Осы кезде қастарына бір қария келіп күліп, былай дейді: Мен оның қалай істегенін білемін. Қалай? деп сұрайды одан жиналған топ. Себебі, оның қасында бұл мүмкін емес деп айтатын адам болған жоқ, деді қария.