Бүгін назарларыңызға тау етегін мекендейтін халықтан қалған қанатты сөздерді ұсынамыз. Бұл сөздер айтылып, ауыздан ауызға тарап келе жатқанына 1000 жылдан асса да өзектілігін жойған емес.
Әкенің сақалына жармаспа, ұстадың екен, айырылма.
Шешен халқында басқа ұлттар секілді үлкендерге құрмет көрсетуді бәрінен маңызды санайды. Ал егер бала әкеден оза тудым деп ақылы мен күшін көрсеткісі келіп тыраштанса, тоқтамай соңына дейін дәлелдеуді талап етеді.
Қалғаны – алтын, кеткені – күміс
Бұл сөзді Лев Толстойдың мына сөзімен түсініктірек етуге болады: «Өзіме ұнайтынның барлығын иемдене алмадым, бірақ қолда барымның бәрін жақсы көремін». Сізге бұйырмаған баққа налудың қажеті шамалы. Тағдыр бергенге тәуба ете білу керек.
Жақсы атты қамшымен тартып жіберсең, сол бір жылға жетеді
Ақылды адам бір-ақ рет айтқанды ұғып алады, ал ақымаққа мың рет айтсаң да құлағына ілмейді.
Көлдің түбі салқын болмаса, беті қатпайды
Бір қарағанда түрі суық секілді көрінгенімен, жүрегінде жылуы, мейірімі бар адам туралы осылай айтуға болады.