- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Сенімнің күші ...
Сенімнің күші
Тонаушы жансауғалап қашып жүріп, шекара жаққа бет алған пойызға мінді. Әлдеқандай күн туса қашып кетуге не тығылуға ыңғайлы болсын деп тазалық бөлмесін маңайлап жүрді. Аз уақыт өтер-өтпестен тазалық бөлмесіне қарай бір қыз келе жатты. Ол бөлмеге кіріп бара жатып, есігінің ілгегі бұзылғанын көріп: «Мырза, біреу-міреу келсе, бос емес деп, есікті қарай тұрасыз ба?» деді бұған. Есіктен басын шығара бұған кінәсіз, аңғал көзқараспен қарап тұрған қызға бұл тіксіне көз салды. Десе де: «Жарайды» деді сүле-сапа ғана. Қыздың жүзі қызара есікті жапты. Ал бұл адал қарауылдай есікті күзетіп тұрды. Пойыз кішкентай бекеттердің біріне келіп тоқтады. Дәл осы сәтте тонаушының ойына бірдеңе түскендей, сыртқа атып шығып, полицияға барып, өзін мәлімдеді.
Қарақшыға тумысынан көрмеген қыздың сенім артуы ар-ұяттан айырылып, үлкен рухани дағдарысқа ұшыраған жанға толқу тудырып, есін жиғызды. Сенім - адамның жан-дүниесін тебірентетін сезім. Ол тұңғиыққа түскен жанды құтқарады, оң жолға салады. Грек философы Кикероның: «Шын опалылық болмаған жерде ар-намыс қайдан болсын?» дегеніндей, бәрінің бастауында сенім жатыр...
Сурет: wollfon.ru
M. Auelkhan