Самғаудың сыры

Айсе Кат

(Аустралия жазушысы)

Ертеде жарты әлемге әмірін жүргізіп тұрған патша сонау шөлді өлке, араб елінен сәлемдемеге жіберілген екі бүркітті тапсырып алыпты. Әмірші мұндай көрікті құсты бұрын-соңды көрмеген екен. Сонымен, бұл екі бүркітті бас құсбегіге баулуға беріпті.

Бірнеше ай өтіпті, құсбегі бір күні келіп екі бүркіттің біреуінің тынбай самғап, зеңгір көктерге қанат қағатындығын, ал екінші бірінің жасалған тұғырға қонақтаған күйінде отыра бергендігін айтыпты.

Патша жан-жақтан жануарлар емшісін алдырып, оқымыстыларды жинап, оларға осы бүркітті амалын тауып ұшыруға жарлық түсіріпті. Бірақ, олар түк өндіре алмай жөндеріне түсіпті. Амалы қалмаған патша кенет: «Бұл мәселені шешу үшін, бәлкім, түз жағдайына қанық, табиғатты әбден түсінетін, осы елдегі білгіштерді шақырыңдар» деп жарлық түсіріпті. Бір күні ордаға бір диқан келіпті. Келесі күні таңертең патша қандай жағдайға кез болды дейсіз ғой? Бүкіл оқымыстылар мен аңшылар ебін тауып, ем қондыра алмаған әлгі бүркіт бақша кеңістігінде айналсоқтай самғап жүріпті. Қуанышы қойнына сыймаған патша уәзірлеріне: «Таңғажайып керемет жаратқан егей ерді алдыма алып келіңдер» депті. Ол егіншіден: «Сен, сірә, бұл бүркітті ұшырудың амалын қайтып таптың?» деп сұрапты. Диқан өте құштарлықпен иіле тұрып: «Тақсыр, оның амалы өте оңай, мен тек оның қозғалмай қонақтап отырған тұғырының көзін жоғалттым, бұтағын кесіп тастадым» деп жауап беріпті.

P.S

Әрбір адамның жан-дүниесінде зеңгір көкті емін-еркін самғататын қанат болады. Бірақ, біз соның өмір сүріп отырғандығын елеусіз қалдырып, көргенімізден жазбай, өзімізге қанық нәрселерге ғана жармасып қаламыз да, жаһандағы жаңалықтарды ашу қуатымыздан айырылып қаламыз. Біз тек өзімізді құрсаулап отырған «ағаш бұтағын» бұтақтап, кесіп тастасақ қана болғаны, зеңгір көкті емін-еркін самғай аламыз.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com