1. Жанынан безген мысық жолбарыстың көзін шығарады.
2. Адамға шабатsн арыстаннан жүк таситын есек артық.
3. Бақыттың шалғайынан басып, күшпен ұстап тұра алмайсың.
4. Білім – ердің дәулеті.
5. Пайда да бір – аққан су да бір.
6. Табысы жоқтың танысы жоқ.
7. Жанжалдың шоғы қызарса, ақылдың суын сеп.
8. Бағы тайған балықшының қармағына телегей теңізде де түк ілінбейді.
9. Мүсәпірдің ақысын жеме: тозақта күйесің.
10. Артық ішкен ас - зиян.
11. Құр ниетпен бек атана алмайсың.
12. Күн шыққанда шамның қажеті шамалы.
13. Ағаш біткенді жүкті қылатын – жер.
14. Аяғы сынған кісіге серуен не сән.
15. Темір шеге – тасқа кірмейді, ақыл – надан басқа кірмейді.
16. Ақылды көптің көңілін аулар, күншіл жоқты даулар.
17. Дарақ жел бар жерде көрінеді.
18. Көрем десең табиғаттай зергерді – сапар шегіп аралап көр жер-жерді.
19. Патшалар ғалымдардың кеңесіне мұқтаж, ғалымдар патшалардың кеңесіне мұқтаж емес.
20. Қиындық көрмей – байлық келмейді.
21. Түйнектен - ағаш өседі, түйір дәннен қамба толады.
22. Ағаш көркі – жеміс, адам көркі – жақсы іс.
23. Жүрек кімді қаласа – сол сұлу.
24. Қу тамақтың қамы болмаса, құс тұзаққа түспес еді.
25. Қадіріңді кетірме: ол - сенің таптырмас байлығың.
26. Адам – бір оқтық.
27. Жомарт қолдар қуатты қолдардан да күшті.
28. Кәрілік келсе жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.
29. Сорлы есектің құны жоқ – жүк көтерер күші қымбат.
30. Жаман әйел – жақсы еркектің соры.
31. Кісінің көңіліне қара.
32. Әркім өзінің білетін ісімен айналысқаны жөн.
33. Тайып бара жатқанға таяныш бол.
34. Қорнып өмір сүргенше, қу кедей болып өлген артық.
35. Табыс – ағын су, рақат – диірмен.
36. Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.
37. Үш нәрсе баянсыз: бірі – саудаға түспеген мал, екіншісі – таласқа түспеген ғылым, үшіншісі – саясаты жоқ патша.
38. Көңіл берме көңіл бермес кісіге.
39. Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан.
40. Кек тұтқаннан кешірген жақсы.
41. Туралық – хақтың мейірі.
42. Алтын бар жерде тас та бар.
43. Әдепсіз келінге әдемі киінген киім жараспайды.
44. Мәуесі көп ағашқа тас та көп тиеді.
45. Келісті кісіге киілген киім де жараса береді.
46. Отты сөндіріп – қозасын қалдырма,
Жыланды өлтіріп – баласын қалдырма.
47. Жас бұтақ қалауына қарай өседі,
Иір ағаш тезге салмай көнбейді.