Ринат Валиуллин – орыстың жазушысы, ақын, суретші, филолог, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде италия және испан тілінің оқытушысы.
► Депрессия – жаныңды басқа бір жерге апарып тастағың келетін күй, алайда оған қайда апарсаң да ештеңе ұнамайды.
► Көңіл қалу – ішіңдегі көбелегің өліп қалу күйі.
► Мені түсінуді қажеті жоқ, қыңырлық қылуға мүмкіндік беріңдерші.
► – Үйіңде ешқандай тәтті жоқ па?
– Мен бармын ғой..)
► – Өз адамыңды осынша ұзақ іздейсің бе?
– Бөтен адамды жоғалтудан қорқып жүргенше, өмір бойы іздегенім артық.
► Адамды бір ғана жағдайда кешіруге болады: егер сен оны сүймейтін болсаң...
► Әйел ешқашан мінсіз бола алмайды, себебі бәрібір бір еркек келіп оны бір күні бұзады.
► – Адамдар туралы жаман ойлауға болмайды.
– Ал өздері соған лайық болса ше?
– Онда тіпті ойлаудың қажеті жоқ.
► – Теңізге барғым келеді.
– Не себепті?
– Оның менсіз қалай толқып жатқанын сезіп тұрмын.
► Махаббат деген қызық сезім. Бір адаммен ауырасың, басқа адаммен емделесің.
► Мен бүгін барлығына дайын болдым. Бірақ ешкім ештеңе айтқан жоқ.
► Бізді өзіміз өле сүйген адамымыз қаталдыққа үйретті, ал өзімізді сүйген жан мейірімділікке үйретті.
► Гүлді жақсы көрмейтін әйел жоқ, тек жақсы көрмейді деп ойлайтын еркектер бар.
► Ұйықтамаған кездерімде «Қайырлы таң» деген сөз ұрсып жатқандай естіледі.
► Жай ғана, себепсіз сүйгеннің сезімі күшті болады.
► Әйелді басқа еркектер сіз сияқты жақсы көре алмайтынына ыңғайсызданатындай етіп сүю керек.
► Егер біреу миыңызды жесе, қуаныңыз. Онда «дәмді бірнәрсе» бар болғаны.
► Әйел – асыл тас емес. Оны мойныңа тағып елдерге көрсетіп жүру үшін алмайсың. Негізі ол тіпті де тас емес. Ол – асыл адам ретінде қарайтын жан.