- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Реніш туралы тәмсіл...
Реніш туралы тәмсіл
Шәкірті ұстазынан сұрайды:
— Сен сондай данасың. Үнемі көңіл-күйің жақсы болып жүреді. Ешқашан ашуланған емессің. Маған да сондай болуға көмектесші.
Ұстаз келіседі де, шәкіртінен картоп пен мөлдір қапшық алып келуін сұрайды.
— Егер сен біреуге ашуланып, ренжішіңді іште сақтап қалсаң, қолыңа картоп алып, сол картопқа ренжіген адамыңның есімін жаз да, пакетке салып қой, - дейді ұстазы.
— Болды ма? – деп шәкірті таңырқап сұрайды.
— Жоқ, – деп жауап береді ұстазы. – Сен үнемі сол қапшықты өзіңмен алып жүруің керек болады. Біреуге ренжіген сайын сол қапшыққа картоп сала бересің. Шәкірті келіседі. Біраз уақыт өтеді. Шәкірттің қапшығы картопқа толады да, ол біраз ауырлап кетеді. Оны үнемі өзімен бірге тасып жүру де оңайға соқпайды. Оның үстіне, ең басында салған картоптары бұзыла бастайды. Біршама уақыттан кейін картоптар шіріп, иістенеді.
Шәкірті ұстазына келіп:
— Мұны өзіммен бірге алып жүру мүмкін емес. Біріншіден, қапшық өте ауыр, екіншіден, картоп бұзылып кетті. Басқаша істеуге болмай ма? – деп сұрайды.
Бірақ ұстазы былай деп жауап береді:
— Тура осы картоптың жағдайы сенің жан-дүниеңде болып жатыр. Бірақ сені оны байқай алмайсың. Іс-әрекет әдетке айналады, әдет – мінез-құлықты қалыптастырады. Ал сол мінез-құлық адамды бұзады. Мен картоптың мысалы арқылы осыны көрсеткім келді. Біреуге ренжімес бұрын немесе біреуді ренжітпес бұрын, саған осы жүктің қажеті бар ма, жоқ па, соны жақсылап ойланып ал!
Дереккөз: anabol.kz
Ж. Жұмағұлов