Бір аңшы қара қоңыр түлкі ұстауды өмір бойы аңсаған екен. Өмір бойы соны аңдып, бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Қартая келе, алыс жолға шығу қиынға түскен кезде, үйіне тиіп тұрған жақын сайды аралайтын болыпты ол.
Бір күні өмір бойы іздеп жүрген қара қоңыры кез бола кетіпті. Аңшы сұрапты түлкіден:
- Қай жерде тығылып жүрдің осы күнге дейін, мен сені өмір бойы іздедім ғой?
- Мен бе, өмір бойы осы сайды мекендеймін, - деп жауап беріпті әлгі түлкі.
- Бірақ сен білмейсің бе, шөлмек мың күн сынбайды, бір күні сынады дегендей, өмір бойы іздегенің бір-ақ күнде, тіпті бір-ақ сәтте, көзіңді ашып-жұмғанша табылатынын.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: kizik.kz