Бір отар қой таудан төмен түсіп келе жатыр екен. Қыран құс кенеттен сорғалап келеді де, бір қозыны іліп ала жөнеледі...
Мұның бәрін бір торғай көріп отырады. Сонда оған: "Қыранның істегенін мен неге істемеймін?" деген ой келеді. "Тәйірі-ай, қозы деген не, қойдың өзін тұтас алып кетпеген соң" - деп ұйғарған торғай, аспанға шығып, қанатын қомдап алады да, төмен қарай шүйіледі.
Бірақ мұның ақыры жақсылық болмайды: қошқардың мүйізіне соғылған бейшара табанда мерт болып, аузын бақадай ашыпты.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: poesiasbrancas.blogspot.com