Орыс поэзиясының падишасы А.С.Пушкин өз өлеңдерінде өмір өрнектерін өзінше айшықтап, көркем ойларымен кестелеп кетті. Бүгін біз белгілі ақын Кәкімбек Салықовтың аудармасында Пушкиннің өмір, өлең туралы ең ұтымды деген ойларының, қанатты сөздері мен нақылдарының бір парасын назарларыңызға ұсынамыз.
Cөзбен келген төбелестің төресі.
Біздің жаста жасау шұғыл бұрылыс,
Ол – құштарлық өлі ізі бар құбылыс.
Даңқ деген жамап-жасқау амалы
Сорлы әншінің құрығанда заманы.
Тәжірибе де қателіктен жаралған,
Даналар да кері ағыстан нәр алған.
Ұғудан күдер үзбеймін,
Мен сенен маңыз іздеймін.
...ақымақ та киіпті алтын көзәйнек.
Олар тек өлгендерді сүйе білер.
Бас исең шабытқа – абыржу дарытпа.
Қиқым-сиқым шындықтан артықтау өтірік марапат.
Сен білгенді білуге де тайсалдым.
Сорлы деген сол екен,
Арында кір мол екен.
Алтын айтты – «бәрін сатып алам» - деп,
Болат айтты – «бәрін тартып алам» - деп.
Әрі аяз, әрі ашық күн: адам жаны ғашық күн!
Әйелді қанша аз сүйсек,
Соншама жеңіл ұнаймыз.
Басқаша білмей қинауды,
Үйретті өзін сыйлауды.
Етістікпен күйдір адам жүрегін.
Мақтау және жаланы бейжай қабылда,
Ақымақпен ерегіске салынба.
«...Ғасырдың кейпін құраған,
Екі-үш қана роман».
Беу, ақыным!
Көп бұлдама махаббатын халқыңның.
Тіл махаббат малайы,
Жеңіл тіл, әрі жабайы.
Тіршілігі ізгі арманды заң қылған,
Ақындардың мысы басым тағдырдан.
Тіршіліктің маған берген жақұты:
Шағын дарын және достар бақыты.
Сеніңіздер, сенім бізді сақтаған.
Досыңмен жүрген жердің бәрі жұмақ.
Азапта туған өлең шері басым,
Жүрекке қатты тисе тез ұғасың.
Тыйым салған жеміс сенің құмарың,
Онсыз саған жұмақ емес жұмағың.
Көп оқу – білім төресі.
Атақты болу – тамаша, салмақты болу – көп артық.
Мас адамға бәрі жөн.
Ұқсас жазбалар:
Пушкин туралы не білеміз?
Пушкин де әзілдейтін болған