Александр Сергеевич Пушкин – орыс ақыны, драматург, прозашы.
► Мен өз Отанымды бастан-аяқ жек көремін, бірақ бұл ойымды шетелдіктер құптайтын болса, көңіліме алып қаламын.
► Арман мен өткен жылдарды қайтара алмайсың.
► Барлық әйел ғажап, ал оларды сұлу ете түсетін – ер адамның махаббаты.
► Әлемде әртүрлі жау бар, бірақ біз достарымыздан қорғануымыз керек.
► Өмірі өзгелерден тәтті жан басқаға үгіт-насихат айта алмайды.
► Шабыт – өзіңді жұмысқа кірісуге әкеле білу.
► Жауапсыз махаббат адамды төмендетпейді, керісінше, биіктетеді.
► Жүрек келешекпен өмір сүреді. Қазіргі сәт жабырқаңқы: бәрі бір сәттік, бәрі өткінші. Өткен шақ қашан да сүйкімді.
► Сандырақтың екі түрі бар: бірі сезім мен ойдың жетіспеуінен сылдыр сөзге айналады, енді бірі сезім мен ой толып тұрса да сөзбен айтып жеткізе алмаудан шығады.
► Ар-ұят – жүректі жаралайтын жыртқыш аң.
► Адамгершіліктен жұрдай болудың бірінші белгісі ата-бабаны құрметтемеуден көрінеді.
► Ақылды адамның бірініші белгісі – кімде қандай жұмысың барын бірден білу.