- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Профессордың студенттерге айтқан...
Профессордың студенттерге айтқан ақылы
Профессор сабаққа кіріп келді де қолына кесе алды. Сондан соң студенттерге қарап:
– Бұл кесенің салмағы қанша? – деп сұрады.
Аудиториядан "200 грамм", "400 грамм" деген дауыстар естілді. Профессор:
– Иә, қалай болғанда да бұл кесе өте жеңіл. Ал мен бұны қолымды созып екі минут ұстап тұрсам не болады? – деп тағы cұрақ қойды.
Студенттер:
– Ештеңе болмайды, – деп жауап берді.
– Екі сағат бойы ұстап тұрсам ше?
– Қолыңыз талып қалады!
– Одан да ұзақ уақыт бойы ұстап тұрсам ше?
– Қолыңыз жансызданады, бұлшықеттеріңізге зақым келеді, – деді студенттер.
– Бұл проблеманы шешу үшін не істеу керек? – деп сұрады профессор.
– Кесені орнына қою керек, – деп жауап берді студенттер.
Сонда оқытушы оларға жақындап келіп:
– Дұрыс айттыңдар. Өмірде де солай. Басқа түскен әрбір ұсақ қиындықтарды қатты уайымдап, ойыңыздан шығармай қойсаңыздар, ол түптің түбінде сендерді ауру қылады. Бұндай жағдайда уайымға салынудың орнына, әрекет етіңдер. Проблеманы шешетін уайым емес, іс-әрекет. Осыны ұмытпағайсыздар, – деп сөзін аяқтады.
сурет: motto.net.ua
Е. Қайрахан