Пауло Коэльо – бразилиялық прозашы әрі ақын. Оның бестселлерге айналған бірнеше кітабы бар. Бүгін сіздердің назарларыңызға нақылға айналған сөздерін ұсынамыз.
►Егер адам бір нәрсені шын жүрегімен қаласа, оның орындалуына бүкіл әлем ат салысады.
►Мен жабық есікті қақпаймын. Оған жауап ретінде өз есігімді де жауып қоямын. Ешкімді мәжбүрлемеймін. Әлем алып, онда менің көзқарасым, қарым-қатынасым, күлкім үшін бақыт табатын бір адам болса да табылады... Мен қызғанбаймын. Егер ол сенің адамың болса, сенікі. Ал басқа жаққа бұрылады екен, оны ұстап тұра алмайсың, оған жүйкеңді жұқартудың да, көңіл бөлудің де қажеті шамалы.
►Кейде екі адамның жолын өмір өзі екіге айырады, жай ғана бір-бірі үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді.
►Шынайы махаббат екіжақты сүйіспеншілікті талап етпейді, егер әлдекім өз махаббаты үшін марапат алғысы келсе, уақытын босқа өткізгені.
►Бұрын сүйгенімді жоғалтқанда жаным жараланып еді. Енді түсіндім: ешкім ешкімді жоғалтпайды екен, себебі ешкім ешкімге тиесілі емес.
►Егер сізді жындыханадан шығарып жіберсе, сіз жазылып шықтыңыз деген сөз емес, жай ғана басқалары сияқты күйге келдіңіз.
►Айналым тұйықталады, есіктер жабылады, көздер жұмылады – мұның барлығын қалай атауың маңызды емес. Маңыздысы өткеннің еншісіне не қалдыратының.
►Ересектер балалардан үш нәрсе үйренеді: өмірде себепсіз әрі шынайы қуана білу, әрдайым өзіңе шұғылданатын іс табу және айтқаныңнан қайтпау.
►Кейде өз үйіңде тығылып тұрған қазынаны табу үшін бүкіл әлемді шарлап шығуың керек.
►"Қош бол" деуге батылың жетсе, өмір саған жаңадан "Сәлем" сыйын дайындап қояды.
►Мен де басқалары сияқтымын, өмірді қалай бар сол күйінде емес, өзім қалай көргім келеді, сондай қалпында көремін, қабылдаймын.
►Егер сен керемет нәрселерді ғана көргің келсе, онда өзің де кереметсің. Әлем – айна, әлемнен әр адам өз бейнесін көреді.
►Өмірде толықтай қателіктен тұратын нәрсе жоқ. Тіпті бұзылған сағаттың өзі тәулігіне екі рет дұрыс уақытты көрсетеді.
►Толыққанды өмір сүру үшін үнемі қозғалыста болу керек, сонда ғана бір күнің бір күніңе ұқсамайды.
►Егер адамдар менен не күтсе, соны ғана істейтін болсам, олардың құлына айналамын.
►Соңында барлығы жақсы болуы тиіс. Егер жақсы болмаса, бұл әлі соңы емес...