- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Патшаның жалғыз ұлына...
Патшаның жалғыз ұлына сабақ берген ұстаз
Бір патшаның жалғыз ұлы болды. Ол бала ақылды тентек, бірақ бір орнында тұруы қиын шошақай болатын. Бала нені оқып үйренсе де ықыласы ұзаққа созылмаушы еді, сондықтан оның алған ілімдері де терең емес еді.
Әкесі бұл жағдайға қатты алаңдап, ежелгі ілім мен амалдар баласының рухын нығайтар деген оймен ұлын елдегі атағы әлемге тараған ұлық ұстазға шәкірттікке беруге шешеді.
Көп ұзамай бір нәрсені қайталай беру баланы жалықтырады. Ол ұстазына:
– Тақсыр! Бір нәрсені қашанғы қайталай беруге болады? Сіздің монастырьдың атағын шығарған нағыз әскери өнерді үйренетін кез жеткен секілді мен үшін?
Ұстаз ештеңе демеді, бірақ үлкен шәкірттермен бірге солардың қимылы мен соққыларын қайталауға рұқсат береді. Көп ұзамай бала көптеген айла-амалды қалай орындау керектігін үйреніп алады, бірақ соларды ары қарай жетілдірейін деп ұмтылмайды, ал рухани шыңдалуды мүлдем тастап қойды.
Бірде ұстаз жас жігітті шақырып алып оған бір хатты тапсырады.
– Мына хатты өз әкеңе апарып бер,-деп өтінді ол. Бала хатты алып қалаға кетті. Монастырьдан үйіне баратын жол үлкен көгалды айналып өтуші еді. Орта жолда ол бамбук ағашты қолмен ұрып шынықтырып отырған монахты көреді. Бозбала көгалды айналып өткенше монах бір соққыны ұзақ қайталап шынығып отырды.
– Ей шал!-деп айқайлады жас жігіт. –Жетер енді бамбукты осыншама соққылағаның. Сен бәрібір кішкене баланы да ұрып жеңе алмайсың!
– Онда сен өз өнеріңді көрсете ғой!-деп монах жекпе-жекке шақырды.
Бозбала жекпе-жекке келісті.
Ол он рет шабуылдады, он рет те шал бозбаланы бір соққымен аяғын аспаннан келтірді. Он реттен кейін бала күресті жалғастыруға шамасы келмей қалды.
– Мен сені алғашқы соққыда-ақ өлтіре алар едім,-деді монах, -сен әлі жассың, ақымықсың. Өз жөніңмен кете бер.
Ұялған бала әкесіне келіп хатты тапсырады. Әкесі хатты ашып оқып, баласына қайта береді:
– Бұл саған.
Әдемі әріптермен, көркем жазумен онда ұстаздың «Жетілдірілмеген жүз соққыдан жетілдірілген бір соққы артық,»-деп жазылған екен.
Сапасыз көп нәрседен, сапалы бір нәрсе артық.