- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Өзіңнен баста! ...
Өзіңнен баста!

Алыс бір елде әділқазы өмір сүріпті. Бір күні сот мәжілісінде алдына бір дана күлше нан ұрлаған кедей келтіріледі. Байғұс кінәсін мойындап:
– Аштан өліп бара жатқаннан кейін амалсыз ұрладым, - дейді. Қазы:
– Ұрлыққа барып, қылмыс жасағаның үшін бәрібір саған үкім шығаруым керек, - дейді де, – Жағдайыңа байланысты саған 10 дирхам айыппұл салынады. Алайда төлей алмайтының себепті айппұлды сенің атыңнан мен төлеймін, - дейді. Жиналған қауым таңданыс толы жанарлармен қазыға көз тігеді. Қазы шынымен-ақ қалтасынан 10 дирхам шығарып, қазынаға өткізуге бұйырады. Сосын көпшілікке бұрылып:
– Арамызда аштықтан нан ұрлауға мәжбүр болған адам жүргендіктен осы отырған әрқайсысыңызға 10 дирхамнан айыппұл салынады, - дейді.
Лезде мәжілістен 450 дирхам жиналады. Қазы ақшаны әлгі кедейге беріпті...
Ж. Жұмағұлов