Баяғыда бір жарлы кісінің келіншегі нан пісіріп, оны жергілікті наубайханашыға сатады екен. Әйел нанды 1 килограмм етіп пісіреді. Одан түскен пайда отбасы мүшелеріне талғажау етуге жетерлік еді.
Бірақ күндердің күнінде наубайханашы жарлының адалдығына күмән келтіре бастады. Сөйтіп одан сатып алған бөлкені таразыға тартып көреді. Сөйтсе, ойлағанындай, әр нан 1 килограмм емес, 900 грамм болып шығады. Наубайханашы оған бұлқан-талқан боп ашуланады.
Келесі күні әлгі жарлы дүкенге қайта келеді. Оған наубайханашы тістене сөйлеп:
– Енді маған ешқашан нан әкелуші болма. Бәрібір сенен ештеңе сатып алмаймын, өтірікші! Сен мені нан тура бір келі болады деп алдап соқтың. Өлшеп қарасам, 900 грамм екен. Одан әрі өзімді ақымақ қылуға жол бермеймін!
Түкке түсінбеген жарлы көзі жәудіреп, былай деді:
– Негізі, қожайын, бізде таразы жоқ... Жұбайым екеуміз оны сізден сатып алған қантпен теңестіріп өлшейтінбіз.