- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Өтірік сөзден құт...
Өтірік сөзден құт қашар
Адам бір өтірікті жабу үшін, он өтірік айтуы мүмкін. Бұл нағыз өтірікшінің әрекеті. Алайда белгілі себептермен айтылған өтірікке жеңіл-желпі қарай салуға да болмайды. Бұл жаман әрекеттің қайта қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайды. Атам қазақтың "Өтіріктің құйрығы бір тұтам" дегеніндей, не де болса өтірік сөз бен өтірікшіден бойды аулақ ұстаған жөн. Себебі өтірікші мен өсекші егіз. Назарларыңызға орта ғасыр ескерткіштерінде жазылған өтірік пен шындық жайлы айтылған даналық сөздерді ұсынамыз.
1.Жалған сөз - ауру, шаншудай,
Әділ сөз - шипа, жанға жай.
2. Бір сөзі өтірікші бар сөзі өтірік.
А.Иүгінеки
3. Өтірік сөзден құт қашар.
Ж.Баласағұн
4. Өтірік сөз өрге баспас.
Қорқыт
5. Жалған сөйлеген соңынан ұялар.
Ә.Науаи
6. Шын сөзге жалған сөз жалғама,
Шын айта алатын тілді өтірік сөзбен былғама.
Ә.Науаи
7. Ғайбат істің өлшеуі – өкінішті.
8. Жай сұраса - шындап жауап бер.
9. Жақындатпа өсекшіні, жырынды,
Көріп-біліп елге жаяр сырыңды.
Ж.Баласағұн
10. Жанын сату – қателік.
Құтб
11.Жалған сөзден жаксылық күтпе.
12. Екі нәрсе бір адамға келсе егер,
Жаксылық жок, жамандықка жол шегер.
Оның бірі - керексіз сөз, ауан сөз,
Екіншісі - жалған айтқан сөз бекер
13. Шын сөзің - бал, жалған сөзің - жуадай,
Жуа сасып бал иісін куады-ай,
Шын сөз - шипа, өтірік сөз кесел гой,
Ескі сөзден осындай ой туады-ай!
14. Өтірікшіден аулак жүр
А.Иүгінеки
15. Теріс айтпас кісіге бәрі сенім артады,
Аты шыққан суайтқа қалай ішің тартады.
16. Пайдасыз шындыктан пайдалы өтірік жақсы.
17. Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.
С.Сараи
18. Шындығы бар жерді мақтан етү
Әл-Фараби
19. Шыгам десең, беделіңмен есепке,
Араласпа айдап салар өсекке.
20. Игілікті істі өсек бұзады.
21. Бар бақытты сақта, өсектер жұтатар,
Ол кіріссе - жоқтан жоқты тұтатар.
22. Сөзі жалған кісінің жүзі төмен.
23. Қаш өсектен, бар қабырғаң сөгілер,
Ол жүргенде ар-ұятың төгілер.
24. Өзгені жуытсаң да, өсекшіні жуытпа.
25. Жақсының ізін өсекші бұзады.
26. Отын — оттың жануына себеп,
Өсек — достың тануына себеп.
Ж.Баласағұн
Н. Үсенова