- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Өткен аптаның үздік...
Өткен аптаның үздік дәйексөздері
1. Егер сізге өзіңіздің әйеліңізден бірдене ұнамаса, демек оған бақыт жетіспейді. Сеніңіз, бақытты әйелді ұнатпау мүмкін емес.
2. Ақыл көңіл-күйдің әсерінен болған ақымақтықтан құтқармайды.
3. Кім бақытты болса, басқаға жамандық ойламайды.
4. Егер мені біреу ұнатпаса, демек мен дұрыс өмір сүріп жүрмін. Егер мені біреу жақсы көрсе, демек құр өмір сүріп жүрмегенім.
5. Кімнің мықты, кімнің ақылды, кімнің әдемі, кімнің бай екенінде қандай айырмашылық бар? Түбінде адам өмірінің маңыздылығын бақыты шешеді.
6. Өзіңді құрметтегенді бағала, ал керек етпегендерді ұстама.
7. Егер саған алғаның ұнамаса, өзіңнің бергеніңді өзгерт.
8. Күйзелгенің үшін өзгені жазалама, әр адам әр түрлі. Сенім арту, сену және жақсы көру қасиеттерін жоғалтпасаң болғаны.
9. Бәрі өз уақытында. Уақыт құртады және құрады. Уақыт үндемейді, кейде сөйлейді.
10. Адам сөзі ісімен сәйкес келсе ғана бағаланады.
11. Ең бастысы – өмір сүру, жақсы көру және сену.
12. Бақыт дегеніміз – сенде не барына қарамастан дәл осы қалпыңда жақсы көру.
13. Біреуді жоғалтып алудан қорықпа, тағдыр кездестірген жандар кетпейді, ал кеткендер тәжірибе үшін келгендер.
Сурет:baq.kz
Ж. Исакаев