Ғылымның қыр-сырына кеңінен тоқталып, 40 жыл бойы халыққа қызмет еткен ресейлік «Очевидное-невероятное» телебағдарламасы көпшілікке мәлім. Ал оның жүргізушісі - көрнекті ғалым Сергей Капицаны бірі білсе, бірі білмейді. Бүгін біз сіздерге ғалымның ғылым, білім, заман, қоғам туралы айтқан ойларын назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.
* Басқару дегеніміз - жақсы адамдардың жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу.
* Қарама-қайшылық қана ғылымның дамуына ықпал етеді.
* 50 жыл бұрын қазіргі көлік санымен велосипед саны тең болды.
* Ең басты ғажабымыз - өмір сүріп жатқанымыз.
* Іс-әрекет етпес бұрын ойлану керек.
* Барлығын ақшамен байланыстырудың қажеті жоқ. Одан да асқан құндылықтар бар екенін ұмытпайық.
* Біз мұндай телевизиямен алысқа бара алмаймыз.
* Әйел адамды әдепсіздік құртады.
* Костюм киген жігіт өзін салмақты, байсалды ұстауға тырысады.
* Адамдарға мәдениетті таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз.
* Қарулы күштерге кетіп жатқан миллиардтаған қаржаның тым құрыса бір бөлігі білімге жұмсалғанда, болашағымыз бұлыңғыр болмас еді.
* Мәскеу қанша ашуымды келтірсе де, ол менің туған қалам.
* Менде керек заттың бәрі бар. Тек қана идея керек.
Ұқсас жазбалар:
Адамның қадір-қасиеті туралы ойлар
Франсуа де Ларошфуконың нақыл сөздері