- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Опасыз шаян ...
Опасыз шаян
Бір күні Шаян Тасбақаға келіп, көлдің арғы бетіне өткізіп беруін өтінеді. Тасбақа келіспейді. Шаян ары-бері айтып қоймаған соң Тасбақа амалсыз көнеді.
– Бірақ мені шақпаймын деп уәде бер,– дейді. Шаян сөз береді. Тасбақа оны үстіне шығарған соң, жол бойы тыныш отырады да, көл жағасына жеткенде шағып алады.
– Қалай ұялмайсың, Шаян? Шақпаймын деп сөз бердің ғой,– деп ашу шақырады Тасбақа.
– Енді не дейсің? Өзің менің мінезімді біле тұра өтінішіме неге келістің?– деп салқынқандылық танытады Шаян.
– Мен үнемі барлығына жақсылық жасауға тырысамын, менің табиғатым сондай.
– Сенің табиғатың солай болса, менің жаратылысым – барлығын жаралау. Сен үнемі не істейтін болсаң, мен де соны істедім,– дейді Шаян.
Түйін: Жаныңызға жақпайтын адамды жақындатқан екенсіз, сақ болмасаңыз, өзіңізден көріңіз. Күдік келтірдіңіз бе, дереу одан бойыңызды алшақ ұстаңыз.
* * *
Ағаш басында бүркіт отырады. Жай ғана демалып отырған бүркітті көрген қоян оған:
– Мен де сіз секілді ештеңе істемей, жай ғана отырсам бола ма?– деп сұрайды.
– Әрине, неге болмасқа.
Қоян ағаштың саясына келіп, өзіне ыңғайлы орынға жайғасты. Бір кезде түлкі келді де, оны жеп қойды.
Түйін: жай ғана ештеңе істемей отыру үшін тым биікте болу қажет.