Әдетте оқымыстылар "белгілі бір әдеттен арылу үшін 1 ай уақыт қажет" деп жатады. Алайда біз бүгін ешқандай уақытты талап етпейтін, тіпті, дәл қазір бастап кете беруге болатын керемет қағидаларды ұсынғымыз келіп отыр.
1. Күн сайын жарты сағат болса да физикалық жаттығулармен шұғылданыңыз. Өйткені сіздің денсаулығыңыз – сіздің өміріңіз. Оны жіберіп алмаңыз. Уақытымен дұрыс тамақтанып, спортты жаныңызға серік етіңіз.
2. Күніне бір жаңа тағам жасап үйреніңіз. Тамақ істеу өте көңілді іс екенін естен шығармаңыз.
3. Ұйықтар алдында өз-өзіңізге есеп беріңіз. Күніңіздің ең елеулі сәттерін ой елегінен өткізіп, ертеңге жоспар құрыңыз.
4. Әрқашан жақсы адамдармен әңгіме-дүкен құрыңыз. Олардан адам бойындағы ең ізгі қасиеттерді үйрене аласыз.
5. Қарыздарыңыздан құтылыңыз және ешқашан ешкімнен қарыз алмаңыз. Өзіңіз тапқан табысты жеткізуге тырысып бағыңыз. Сонымен қатар ақшаңызды қайда, не үшін жұмсағаныңызды жазып отырыңыз.
6. Жаныңызға жара салатын жандардан аулақ болыңыз. Одан да өзіңізді түсінетін, сыйлайтын, жанынан артық жақсы көретін адамдармен араласыңыз. Егер құрбыңыз тек қайғы-мұңға жақын болса, оның орнын тез арада босатып, өміріңізді жайнататын жанды табыңыз.
7. Екінші мүмкіндік беруге болатын адамдарды ғана кешіре біліңіз. Кейде кішірейіп, өзіңіз де кешірім сұрай салыңыз. Ең бастысы болмашы нәрсеге бола жақын досыңыздан айырылып қалмаңыз.
8. Бір ай бойы күніне бір рет қайда барсаңыз да қолыңызға камера алып жүріп, суретке түсіңіз. Кейін әр күніңізді ерекше еске түсіретін сурет жинағын көре аласыз.
9. Бақытты өзіңізге шақырыңыз. Өз өміріңіз өзіңіздің қолыңызда. Бақытты болғыңыз келсе, ерінбей еңбек етіп, бәрімен жақсы тіл табыса біліңіз. Ал кішігірім өмірдің кедергілеріне мойымыңыз. Өйткені барлық шаруа өз шешімін табады. Сондықтан сіздің бақытты болмауға құқығыңыз жоқ.
10. Күн сайын жаңа нәрсе үйренуге ұмтылыңыз. Мысалы жаңа фильмдер көріңіз немесе бұрын барып көрмеген жерлерге барыңыз.
11. Тағы бір жаңа нәрсе жасап үйреніңіз. Егер әр нәрседен шамалы болса да хабарыңыз болса, басыңызға қандай іс түссе де оңай құтыласыз.
12. Қолыңыздан келмейтін нәрсені міндетті түрде үйреніп алыңыз және оны өзгеге үйретіңіз. Кейде сізге оп-оңай болып көрінетін іс басқа біреуге әжептәуір қиындық тудыруы мүмкін.
13. Өзіңізді қатты қызықтыратын сүйікті ісіңіз болса, оған күніне бір сағат уақыт болса да бөліңіз.
14. Айналаңызға, қоршаған ортаңызға мейіріммен қараңыз. Тіпті сізді ұнатпайтын адамдарға да күлімдеп қарауға тырысыңыз.
15. Табысты адамның бәрі болашағына сенетінін жадыңызда ұстаңыз. Сол себепті қайғы келсе құлази бермей, өмірдің бар рахатын сезіне біліңіз.
16. Күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалардың бәрі де – сабақ. Егер ойыңыздағы нәрсе орындалмаса, ол да сабақ. Мүмкін ол сіздің ісіңіз емес шығар. Бірақ болашақта сізді одан да керемет заттар күтіп тұрғанын естен шығармаңыз.