- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Өмірлік мәні бар...
Өмірлік мәні бар үш тәмсіл
Үш кісі тас қопарып жатты. Біріншісінен не істеп жатқанын сұрағанда, ол маңдайдағы терін сүртіп:
– Бүкірленіп барамын,– деді. Ал екіншісі бұл сұраққа жеңін қайырып тастап, маңызды түрмен:
– Нәпақамды тауып жатырмын,– деп жауап берді. Ал үшінші адамға келіп:
– Не істеп жатырсыз? – деп сұраса, ол жоғары қарады да:
– Орда тұрғызып жатырмын, – деді сабырлы үнмен.
Барлық тіршілік иесі құмырсқадай қыбырлауды біледі, алайда олардың алға қойған мақсаты кім екенін көрсетіп, болашағынан хабар береді.
* * *
Фермада ауырып қалған жылқыны көрген мал дәрігері:
– Егер таңертең орнынан тұра алмаса, арам қатпай тұрғанда сойып алу керек,– дейді.
Таң атты. Жылқы сол күйі орнынан тұра алмады. Жанында жатқан қой:
– Тұр енді, әйтпесе құрбан боласың,– деді қарап жатпай.
Жылқы орнынан қарғып тұрды. Мал дәрігері:
– Міне, ғажап! Мұны атап өту керек. Осындай қуанышты жай үшін қойды сойсақ болады...
Мұрны сыймайтын жерге басын сұғып, өзі қатысы жоқ іске киліккеннің ақыры осындай болады.
* * *
Қаладағы атақты миллионер таксимен келе жатады. Ол таксиге бір артық, бір кемсіз тура километр есептегіш көрсеткендей ақы төлейді.
Таксист:
– Мен күні кеше ғана сіздің ұлыңызды жеткізіп салдым. Ол маған шай пұлға 100 доллар қалдырған еді.
– Енді не дейсіз? Ол миллионердің баласы, ал мен жетімекпін,– деп жауап қатты бай.
Тапқан табысына тері сіңген жан ғана байлықтың бағасын біледі.
@. @assel_assanova