- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Өмірлік мәні бар...
Өмірлік мәні бар кеңестер
Сізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз. Ал ренжіген адамдарға барыңыз. Жамандық жасаған жандарға жақсылық жасаңыз. Сонда арыңыздың алдында таза боласыз.
Егер жауабын білмесеңіз, артық сұрақ қоюдың да қажеті жоқ екенін жадыңызда ұстаңыз.
Біз әрдайым жанымызға жақын жандарға ғана өкпелейміз, ашуланамыз, ұрсамыз. Өйткені жоғалтып аламыз ба деп қорқамыз.
Сіз әрқашан біреулерге үлгі көрсетіп жүретініңізді естен шығармаңыз. Аулада ойнап отырған бала да сіздің үйден қалай шығып бара жатқаныңызды көріп, сіздей болсам ғой деп армандайды. Артыңыздағы інілеріңіз де сізге қарап бой түзейді. Сіздің жүзіңіздегі күлкіні көріп, бейтаныс жандар ғашық болады. Себебі сырт көз – сыншы. Сондықтан дұрыс жүруге, дұрыс сөйлеуге тырысыңыз. Сонда сізге еліктеп, сізді мақтан тұтатын адамдардың саны көбейеді.
Қазір не жайлы ойлайсыз, сол болашақта міндетті түрде болады. Сол себепті тек жақсылық, сәттілік, табыс туралы ойлаңыз. Сонда келешекте осы аталғандардың қызығын көресіз. Ең бастысы армандай біліңіз.
Сізді ойлап, сізге қамқорлық танытып жүрген жанды ешқашан тастап кетпеңіз. Себебі күндердің бір күнінде ұйқыңыздан оянып, жұлдыз санап жүргенде, айыңызды жоғалтып алғаныңызды түсінесіз.
Өзінің өмірімен не істеу керектігін білетін адам ешқашан өзге біреудің өміріне араласпайды.
Ойын аяқталғанда патша да, пешка да бір қорапқа салынады.
Егер бәрі сіз ойлағандай болмаса да уайымдамаңыз. Себебі Құдайдың да көзі бар. Оның жоспарлары біздікіне қарағанда әлдеқайда жақсырақ.
Әйеліңіздің мінезі сіздің оған деген қарым-қатынасыңызға тікелей қатысты екенін ескеріңіз.
Өмірдің әр секундына дейін тиімді пайдаланыңыз. Жақсы көрсеңіз жақсы көріңіз. Сағынсаңыз айтыңыз. Жек көрсеңіз ұмытып кетіңіз. Бірақ күтіңіз. Қанша болса да күтіңіз. Сізді сүйген адам міндетті түрде қайтып келеді.
Адамдар – музыкалық аспаптар сияқты. Олардың дауыстары ұстаған адамдарға байланысты шығады.
Егер адаммен қарым-қатынасыңызды құртқыңыз келмесе, оған өтірік айтуға кедергі келтірмеңіз.
Адамдар ешқашан көреалмаушылық қасиеті арқылы бақытқа қол жеткізбейді. Бір-біріне кешіріммен, махаббатпен, мол сеніммен қарайтын адамдар ғана бақытты болады.
Мүмкіндік өмірде-бір-ақ рет берілмейді. Тек өмір бізге бір-ақ рет беріледі. Сондықтан шынайы өмір сүруге асығыңыздар.
Ал ең бастысы сізбен отырғанына өкінбейтін жанмен уақыт өткізгенге не жетсін!
Ж. Исакаев