Бір күні профессор жұдырықтың үлкендігіндей тастар мен 3 литрлік банкіні үстелге шығарып қояды да, студенттерінен банкіні осы тастармен толтыруларын сұрайды.
Студенттер бұл тапсырманың түк қиындығы жоқ деп, 2 минут ішінде банкіні тастармен толтырады. Профессор «банкі толды ма?» деп сұрағанда, бір ауыздан «толды» деп жауап береді. Оны естіген профессор «жауап дұрыс емес» деп, үстелге майда тастарды шығарып, соларды банкінің ішіне төгеді. Студенттер бұл жолы да «енді толды» дегендеріне «жоқ» деп, топырақ әкеліп банкі ішіне салады. Топырақ түгелдей тастардың арасына жайылғанда шайқап, тағы да топырақ салады. Банкінің толған-толмағанын студенттерден қайта сұрайды. Бұл жолы студенттер не айтарларын білмей, «толмаған шығар» дейді. Профессор: «Иә, толмады», – деп, банкіге су құяды.
Сосын студенттерге қарап, осы жасалынғандардан не түсінгендерін сұрайды. Студенттердің біреуі: «Күніміз қаншалықты шаруаға толы көрінсе де, әрқашан басқа жұмыстар үшін уақыт табуға болады... Солай ма?» – дейді. Профессор күлімдеп: «Ол да дұрыс. Бірақ, бұдан алынатын сабақ – үлкен тастарды ең басында орналастырмасаңыз, кішкентай тастар мен басқа майда-шүйде нәрселер банкінің ішін толтырып, үлкен тастарға орын қалмай қалады», – деді.
Кейін студенттердің түсінбей тұрғанын көрген ғалым: «Өміріңіздегі үлкен тастарыңыз не? ... Иманыңыз ба, балаларыңыз ба, отбасыңыз ба, достарыңыз ба, біліміңіз бе, денсаулығыңыз ба, басқаларға пайдалы болу ма, біреулерге бір нәрсені үйрету ме, дүниені кезу ме? Осылардың бәрі ме? Өміріңіздегі үлкен тастардың не екенін жақсылап түсініп, олармен өміріңізді ең алдымен толтырыңыз, әйтпесе мақсатыңызға қатысы жоқ заттармен айналысып, ол тастарыңызды өміріңізге сыйдыра алмай қаласыз», – деп өнегелі сөзін айтты.