Басы
1. Біреуді көрген кезде күлімсіреп, онымен әңгіме айтқанда ерекше әсер қалдыратындай жағдай жасаңыз.
2. Өмірдің ең басты қағидаларының бірі – өкпе-реніштердің бәрін тез ұмыту. Өйткені қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр өтеді де кетеді.
3. Өз-өзіңізге сену арқылы – өзгелерге тамсануды доғарасыз және әрқашан көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүреді.
4. Әрдайым не сезесіз – соны айтыңыз, не ойлайсыз – соны істеңіз. Үнсіздік тағдырыңызды құртады.
5. Біреудің жылтырағына қызықпай, қолыңыздағы барды бағалай білгенде ғана шын бақытты жан екеніңізді түсінесіз.
6. Бір нәрсе айтқыңыз келсе – тыңдап үйреніңіз.
Бір нәрсе жазғыңыз келсе – ойлап үйреніңіз.
7. «Менің қолымнан келмейді» деген сөзді ойыңыздан өшіріңіз. Басқа адамның қолынан келген іс сіздің де қолыңыздан келеді. Ал сізге дейін ешкім істеп көрмесе, онда сіз жаңалық ашқан ең мықты адамсыз.
8. Егер жасаған нәрсеңізді ешкімге көрсетпейтін болсаңыз, оны жасаудың да қажеті жоқ.
9. Өмір тек оптимистерге тиесілі, ал пессимистер жай ғана көрермен.
10. Егер ісіңіз жалғасын тапқанын қаласаңыз, бастапқысы туралы ешкімге тіс жармаңыз.
11. Адамдардың басым көпшілігі апта бойы жұманы (жұмыс күнінің соңғысы), ай бойы мейрамды, жыл бойы жазды және өмір бойы бақытты күтіп жүреді. Алайда өмір сүріп жатқан әр минуты мен секунды нағыз бақыт екенін ұмытып кетеді.
12. Қолған алған істі қашан да жалғастыру керек. Жолдағы кедергілерге мойымай, алға қарай нық қадам басыңыз. Ең бастысы – өз-өзіңізге сеніңіз. Ал өзіңізге сенбесеңіз, сізге ешкім сенбейді.
13. Уақыт алтыннан да қымбат. Уақытты қайда, не үшін құртып жатқаныңызды ойлаңыз.
14. Өмірдің мәні өзіңізден кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге қалдыра білуде екенін естен шығармаңыз.
15. Әйел адамдардың әрқайсысы гүл сияқты. Құлпырып, нұр шашып жүруі көрсетілген қамқорлық пен күтімге байланысты.
16. Егер ер адам ақымақ болса, әйелдерге деген наразылығы да көп болады.
17. Өмірге көзқарасы тура сіздікімен сәйкес келетін адамды кездестіру өте маңызды.
18. Ата-анаңызбен, тума-туыстарыңызбен, жақын достарыңызбен және сүйіктіңізбен өткізген уақытқа еш нәрсе де жетпейді.
19. Үлкен нәрселерді ғана істеу міндетті емес, кішкентай нәрсені де мол махаббатпен істеуге болады.
20. Жаныңыздағы жандарды бағалай біліңіз. Өйткені олар сіз үшін көп нәрседен бас тартты. Ондай адамдар өмірде көп кездесе бермейді.