1. Түсіну ережесі
Біреудің қатесін айтпас бұрын, алдымен өз-өзіңізге мұқият қараңыз. Себебі біреуге бір нәрсе айту үшін өзіңіз соған лайық болуыңыз керек.
2. Үйрену ережесі
Айналаңыздағы адамның барлығынан жақсы қасиеттерін ғана үйренуге тырысыңыз.
3. Жұмыс ережесі
Жаныңызды ұғып, қашанда қолдау көрсететін жандармен ғана жұмыс жасаңыз.
4. Бумеранг ережесі
Өзге адамдарға жақсылық жасау арқылы өз-өзімізге жақсылық жасаймыз.
5. Балға ережесі
Досыңыздың маңдайындағы шыбынды өлтіргіңіз келсе, балғаны пайдаланбай-ақ қойыңыз.
6. Ауысу ережесі
Біреуді орныңа қоюға асыққанша, өзімізді сол адамның орнына қойып көрейік.
7. Ынтымақтастық ережесі
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атқарған жұмыстың жемісі тәтті болады.
8. Оқиға ережесі
Қандай оқиғаға тап болсаңыз да өз-өзіңізге берік болып, сабырлылық танытыңыз.
9. Шыдамдылық ережесі
Жалғыз серуендегенге қарағанда, біреумен бірге жүргенде уақыт баяу жылжиды. Сол себепті алыс жолға шықсаңыз серігіңізбен, ал жақын жерге барсаңыз жалғыз жүріңіз.
10. Қол жетімділік ережесі
Кіммен болса да жайдары, жарқын жүзбен сөйлессеңіз, сізбен араласып, сыйласқысы келетін адамдар саны артады.