“Сұм өмір абақты ғой саналыға”– деген еді Мағжан Жұмабаев. Саналыға солай-ау... Жүректіге жұмақ...
Жаһанның жеткізбейтін дамуы мен атақ-даңқ, ақша жолында бар ғұмырын сарп етіп жүрген жастар өмірлік құндылықтарды ұмытып жататын сияқты. Жұмысбастылықтан көңілсіз. Пәлсапаға мұршасы жоқ.
Барша адамзат күйбең тіршіліктің ұсақ-түйегін жүрегінен өткізіп, көңіл бөліп, сезіне білсе жасаған әр қадамынан рахат алар еді.
Ағарып атқан ақ таңнан, қызарып батқан күннен, мезгілсіз жауған жауыннан, жол кептелісінде тыңдалған әуеннен, әр қасық шекерден, ескі кітаптың иісінен, гүлге қонған көбелектен, қол ұстасып жүрген күндерден, сүйсіне қараған көздерден, жаңа піскен тәтті бәліштен, әжеңнің әжім қолынан, терезеден түскен сәуледен... бәрінен... бәрінен... бәрінен рахат алар еді.
Мына фәнидің сұлулығына әр сәт сүйсініп жүрсек екен деп армандаймын.
Асылы, адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов
Шоқан Уәлиханов
Альберт Эйнштейн
Адам анадан туған кезде бір-ақ рет қана дүние есігін ашпайды. Өмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді.
Габриэль Гарсиа Маркес
Мен соңғы 33 жылымда таңертең айнаға қарап, өзіме былай деп сұрақ қойып келемін: «Егер бүгін менің өмірімнің соңғы күні болса, бүгінгі ойлаған ісімді жасар ма едім?
Стив Джобс
Ең жақсы мектеп – өмір мектебі.
Йоганн Вольфганг фон Гёте
Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын.
Йоганн Вольфганг фон Гёте
Терең су жай ағады, ақылды адамдар тыныш өмір сүреді.
Александр Сергеевич Пушкин
Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді
Сенека Луций Анней
Джек Лондон
Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік?
Ғабиден Мұстафин