- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Өмір туралы қанатты...
Өмір туралы қанатты сөздер
Өмірде өзіне не қажет екенін білетіндер ғана жетістікке жетеді. Ал таба алмаса оны өзі жасайды. Бернард Шоу
Біз жұлдыздарға ұқсаймыз. Бір кезеңде бізді бөліктерге бөліп жібереді, ол кезде өліп қалған сияқты боламыз. Санамыз бізді жоғарғы жұлдыздар әлеміне апарады, сонда бұрынғыдан да жақсы боламыз, жанамыз, жарқыраймыз. Джордж Вашингтон
Өткенге көз салғанда – қалпағыңызды шешіңіз, болашаққа көз тастағанда – жеңіңізді түріңіз. Михаил Сюркало
Өзіңмен өзің бол! Басқа рөлдердің барлығы бос емес. Оскар Уайльд
Ең жақсысы – басқалар сенің қолыңнан келмейді деп ойлаған істі ақырына жеткізу. Араб мақалы
Кішігірім кемшіліктерге көз жұма біліңіз. Өз бойыңызда оның зор түрі лде бар. Бенджамин Франклин
Көп шығыстан қорықпаңыз, аз табыстан қорқыңыз. Джон рокфеллер
Біз біреуге тиіссек, не көмектесеміз, не кедергі келтіреміз. Үшіншіге орын жоқ: не құлатамыз, не көтереміз. Джордж Вашингтон
Бір мәселені шешкенде, екіншісін туғызбау керек. Бұл – тұзақ. Авторы белгісіз
Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазаны алады. Омар Хайям
Қажетсіз нәрселерді сатып алсаң, қажетті затыңды сатып та жіберетін боласың. Бенджамин Франклин
Әр тұлғаның өткені бар, әр күнәһардың болашағы бар. Оскар Уайльд
Әр жан бақыт сыйлайды: біреудің бары, енді біреудің жоғы... Омар Хайям
Түзетуге келмейтін істі жуып-шаюдың да қажеті шамалы. Бенджамин Франклин
Бұл өмірдегі кереметтің барлығы не адамгершілікке жат, не заңсыз, не семіруге әкеледі. Оскар Уайльд
Жетістікке жеткен адамдарда да қорқыныш, күдік, қобалжу бар. Олар тек бұл сезімдер өзін басқаруға жол бермейді. Т.Гарв Экер
Дүниесі көп адам бақытты емес, қолындағыға қанағат ете білген бақытты. Вячеслава Шевёлкин
@. @assel_assanova