Біздің болашағымыз бүгінгі қабылдаған шешімімізбен тікелей байланысты екенін білесіздер. Өмірде қарапайым бір сөздің өзі адамның өмірін 180 градусқа өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан, сіздердің назарларыңызға өмір сүрудің 15 алтын қағидасын ұсынамыз.
1. Қанша ашулансаңыз да адамға ауыр сөз айтудан абай болыңыз. Өйткені, адаммен қайтадан достассаңыз да айтылған сөз ешқашан ұмытылмайды.
2. Сатқындарды ешқашан кешірмеңіздер. Себебі, олар өзгермейді.
3. Тек қана ақиқатты айтыңыз. Сонда ештеңені есте ұстаудың қажеті болмайды.
4. Біреудің тесігіне күлгенше, өзіңіздің жыртығыңызды жамаңыз.
5. Басыңызға бір ой келсе, міндетті түрде жазып алыңыз.
6. Кездесуге уақытында келе алмасаңыз, ескертуді ұмытпаңыз.
7. Өсек-аяңнан әрқашан аулақ болыңыз. Қазір бірігіп біреуді сөз қылып отырған адамдар ертең сіз туралы да әңгіме айтуы ғажап емес.
8. Өзіңіздің қателіктеріңізді мойындай біліңіз. Себебі, еш нәрсе істемейтін адам ғана қателік жібермейтінін ұмытпаңыз.
9. Арыз айтуды қойыңыз. Себебі, бізге сынақ шешім қабылдау үшін беріледі.
10. Қандай кедергіге ұшырасаңыз да, алға қарай ұмтылыңыз, қол қусырып қарап отырмаңыз. Мықты адам шамалыға берілмейді.
11. Машақаты көп ауыр жұмыстардан күннің бірінші жартысында құтылып тастаңыз. Сонда күннің екінші жартысын көңілді өткізесіз.
12. Теледидар көру – құр босқа уақыт жұмсау. Оған көп әуес болмаңыз.
13. Біреуден қарызға ақша алмауға тырысыңыз.
14. Айналаңыздағы адамдармен сыпайы сөйлесіп үйреніңіз. Сонда сіз туралы өзгелердің ойы ешқашан жаман болмайды.
15. Өткен күндердегі қағидалармен өмір сүрмеңіз. Өйткені, сіздің өткеніңіз болашағыңызды айқындамайды.