Бірде атақты жоғары оқу орнын бітірген, мансапта көтерілген курстастар кезінде тәлім берген профессорына қонаққа келеді. Әңгіме барысында түлектер өмірдегі қиындықтарын, мәселелерін айта бастайды.
Профессор оларға кофе ішіңдер дейді де, ас үйге барып фарфор, әйнек, пластик, хрусталь секілді әртүрлі ыдыстарға құйылған кофе алып келеді. Бірі қарапайым, бірі қымбат ыдыс еді. Әртүрлі ыдыстағы кофелерді таңдап алып жатқандарына қарап, профессор былай дейді:
– Байқадыңдар ма, барлығың әдемі, қымбат ыдыстағы кофелерді таласып алдыңдар, мұнда тек қарапайым ыдыстағы кофелер ғана қалды. Әркім жақсы нәрсеге ұмтылуы қалыпты жағдай, алайда сендердің мәселелеріңнің де мәні осында жатыр. Ыдыс өздігінен кофені жақсарта алмайтынын түсініңдер. Олар қымбат екені рас, алайда не ішіп жатқанымыздың өзін жасырып тұрады. Негізінде қалағандарың ыдыс емес, кофенің өзі еді ғой. Бірақ ойланбастан әдемі ыдысқа ұмтылдыңдар, содан кейін кімге қандай ыдыс бұйырғанын қарадыңдар.
Ал енді ойланыңдар, өмір – кофе, ал жұмыс, ақша, жағдай, қоғам – ыдыстар. Бұл жай ғана өмірдің құрауыштары. Алайда ыдысымыз қандай болса да, бұл өмірдің жайын анықтамайды да, жақсартпайды да. Кейде тек ыдыстарға көңіл бөліп, кофенің хош иісі мен керемет дәмінен ләззат алуды ұмытып кетеміз.
Өзі қалағанның барлығына қол жеткізген жанға қарағанда, өзінде барды бағалай білген адам бақыттырақ.