- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Өмір бойы қорапта...
Өмір бойы қорапта сақталған бақытты некенің құпиясы
Қартайған ерлі-зайыпты көп жылдан бері бірге бақытты өмір сүріп келе жатты. Олар үнемі бір-бірінен сыр жасырмайды. Барлық уайым-қайғыны екеуі ортақтасып өткереді. Әйткенмен әйелі күйеуінен тек бір нәрсеге ғана араласпауын өтінеді. Ол – өз сөресінің жоғарғы жағында үнемі жасырып қоятын ескі аяқ киім салынған қорап еді.
Күйеуі де қорап жайында сұрап, әйелінен жауап талап етпейтін. Ол қораптың ішінде әйелдерге қатысты бір зат бар шығар деп қана ойлап жүретін.
Бір күні кемпірі ауырып қалады. Жағдайы қатты нашарлай бастағанда, ол шалына әлгі қорапты алдыртты. Құпияны ашатын кез жетті деп ойлады.
Шалы үйіне келіп, қорапты тапты да, бірден ашып қарады. Ішінде тоқылған екі қуыршақ пен үлкен көлемдегі ақша – 95 мың доллар болды.
- Бірақ... Неге? Қалайша?! – деді шал қомақты қаражатты қолына алып, өз көзіне өзі сенбей...
Мәселенің мән-жайын түсінбеген шалына әйелі былай деп жауап берді:
- Екеуіміз үйленген соң, менің әжем маған бақытты некенің құпиясын ашты. Оның сыры – жолдасыңмен ешқашан сөзге келмеу екен. Сен мені әр ренжіткен сайын сөз қайтарғанша, үндемей отыра қалып, бір қуыршақ тоқитын болдым.
Шал қорапта екі-ақ қуыршақ барын байқады. 50 жыл бойы бір шаңырақ астында әйелін "тек екі рет қана ренжіткен екенмін" деген оймен аз ғана күлімдеп, кемпірін құшағына алып, бетінен сүйді.
- Ал мына ақша сенде қайдан жүр? – деп сұрады шалы.
- А, мынау ма? Бұл – менің сатқан қуыршақтарымның ақысы ғой... – деп күлімдеді сонда кемпірі.
Сурет: Любовь Харламова
Ұқсас жазба:
А. Әбілхан