Олег Юрьевич Рой – орыс халқының қазіргі заман әдебиетінде есімі қалыптасып үлгерген атақты жазушысы, 1965 жылы өмірге келген. Бірнеше танымал кітаптың, анимациялық фильмдердің авторы.
► Өмірде сүйетін, сенетін, қамқор болатын адамың барда кез келген қиындықты жеңуге болады.
► Бұл өмірде ақылды әйелдерге қиын. Оларды жігіттер жақсы көрмейтіні үшін емес, өзіне лайық жігіт табуы қиын болғаны үшін. Жанындағы әйел өзінен ақылды болғанын көп еркек құптай бермейді.
► Есіңізде болсын: жасыңыз қаншаға келсе де сүюге, армандауға, бақытты болуға ең қолайлы сәт осы.
► Кітап сатып алуға жұмсайтын көп ақшам болса деймін.
► Үштік махаббат мәселесін шешудің бір ғана жолы тақ санды жұпқа өзгерту. Үшінші адамды аулақтай алмасаң, төртіншісін қосу керек.
► Белдемше киген еркек – қызтеке де емес, шотландиялық та емес, кәдімгі отбасының да, ақша табудың да жауапкершілігін өз мойнына артып алып, жұмысқа жегіліп жүрген әйел.
► Қалай қылсаң да, қанша тырыссаң да, әр ісіңнен бір мін тауып отыратын адам болады.
► Достасуға қорқамыз, себебі сатқындықтан сақтанғымыз келеді.
► Кей әйелге қарайсың да, қанша жасқа жеткенін болжай алмайсың. Сырт келбеті шамамен 25 жасқа жеткендей және мәңгілік жас боп қалатындай көрінеді.
► Қанша жерден көңіліміз көкке көтерілсе де, сезім аймағында айналып жүрсек те, бір күні жерге түсіп, кешкі ас әзірлеп, ыдыс жууға тура келеді.
► Балаларға арнап шығарма жазу – ең ұлы ғажайып.
► Көңіл сарайыңның терезесін айқара ашпаған абзал. Ашық алаңға тас атушылар көп болады.
► Басыңа шын қайғы түскенде бұрын трагедия деп санаған жағдайлар ұсақ-түйек екеніне көзің жетеді.