Махаббаттың сый-қадірін кетірмей, ұқыптылық танытайық деген оймен осы бір тәмсілді назарларыңызға ұсынамыз.
* * * *
Бірде бір елді мекенге дана қарт көшіп келіп, сонда тұрақтап қалып қояды. Балаларды қатты жақсы көргені соншалықты, ол көп уақытын соларға жұмсайды. Сонымен қоса, сый жасағанды қатты жақсы көретін шалдың сыйлығының дені нәзік, осал, морт сынғыш заттардан тұратын. Балалар қанша жерден ұқыптылық танытпасын, сыйға алған жаңа ойыншықтары сынып қала беретін. Әр жолы көңілдері нілдей бұзылып, қатты жылап жатушы еді. Арада сөйтіп уақыт өтіп жатты, дана шалымыз тағы да балаларға ойыншықтар үлестіре бастады. Бұл жолы тіптен нәзік, осал заттар екен.
Бір жолы ата-аналар шыдай алмай, оның алдына келді:
- Даналығың шүбәсіз, біздің балаларға тек қана жақсылық тілейтінің рас. Бірақ, сен оларға неге мұндай сый жасайсың? Олар қанша жерден тырысқанымен, бәрібір де ойыншықтар сынып қала береді, өздері артынан жылап қоймайды. Ал әлгі ойыншықтар көздің жауын алатыны соншалықты, ойнамай қою мүмкін емес!
- Арада аз ғана уақыт өтсін,- деп жымиды шал, - Сол тұста біреу оларға жүрегін сыйлайды. Мүмкін бұл, осы істеп отырғаным оларды теңдессіз бақты иеленуде сәл де болса ұқыптылық танытуға үйрететін шығар?
сурет:dnevnik.bigmir.net
Дайындаған: Фараби Арыстанбек