Мысықтар туралы түрлі түсінік

Мысықтар туралы түрлі түсінік
Фото: murlo.org

Жер бетінде мысықтар туралы көптеген аңыз-әңгіме мен болған оқиғалар жетіп артылады. Олардың біз білмейтін әрекеттері кейде жақсы жағынан көрінсе, енді бірде адам шошытарлық жайттарға әкеліп жатады. Бүгін біз сіздерге көне дәуірден бергі біраз мемлекеттегі мысықтармен байланыста оқиғаларды тізіп шығуды жөн санадық.

Ежелгі Мысыр еліне мысықтардың өзге жануарларға қарағанда үстемдігі жоғары болған. Бір сөзбен айтқанда сол елдің тұрындарымен бір дастарханда отыратын жалғыз мақұлық болып есептелінген. Ал, абайсызда немесе әдейі мысықтарды өлтірген пенделер сол дәуірдегі ең қатал заңмен жазаланатын болған. Соның әсерінен болар қазіргі уақытта мысықтың египеттік түрі қымбатқа бағаланады. 

Орта ғасырда Еуропа елдерінде мысықтарды өртеу мен өлтіру қатты белең ала бастаған. Мұндай жануарларда қарғыс пен шайтанның бірге жүретіндігі айтылып, өздерінің мекендерінен көрмеуге тырысқан. Содан бері талай уақыт өтсе де америкалықтар мен еуропалықтар қара мысықты көрген кезде маңайынан бір қауіптің келетінін тез арада ырымдауға көшсе, аустралиялықтар керісінше жақсы жағынан жориды екен.

Үлкен мұхиттар мен теңіздер жағадан ұзағанша қызық екені барлығымызға белгілі. Алайда, ары қарай не болатыны және алдыңызда қандай қауіптің күтіп тұрғаны сіз емес, бар өмірін осы бір кәсіпке арнаған адамдарға да жұмбақ.  Ерте заманда теңізден балық аулайтындар өздерінің кемелерінен қара мысықты көрсе, жақсылыққа жорыған екен. Келер қауіп-қатерден сақтап, жолымызды оңғарар деген сенімде болған. Ал, мысықтың қайықтан суға секіргенін байқаған уақытта дауылдың немесе қауіптің келе жатқанын біліп алдын ала сақтық шарасына кірісе бастаған. 

B. ZHAQSYMBET