Мың долларға бағаланған еңбек

Мың долларға бағаланған еңбек

Бірде бір кісі жаңадан кеме сатып алады. Бірақ, өкінішке орай, ол аяқ астынан істен шығып, жүрмей қояды. Кемені жөндеуге түрлі құрал-сайманын алып механиктер мен инженерлер жетеді, бірақ ешқайсысы тілін таба алмай қояды.

– Біз қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Амал жоқ. Шеберді шақыру керек,– дейді мамандар.
– Онда не тұрыс? Тез шақырыңдар,– дейді ол.

Көп кешікпей аса сабырлы қалыпта шебер де келеді. Қолында жалғыз балғасы ғана бар. Кеменің машина бөлігіне жақындап, қозғалтқыш тұратын және жүк қоятын астыңғы бөліміне түседі де, палубаны шарлайды.  Бір кезде дереу тоқтап, балғамен сарт еткізіп қатты ұрады. Кенет, ғайыптан тайып кеме іске қосылады.

– Қызметіңізге қанша сұрайсыз?– дейді кеме иесі.
– 1001 доллар,– деп жауап береді шебер.
– Қалайша?– деп таңғалады қожайын,– Он минуттық жұмыс. Балғамен бір ұрғаныңыз 1001 доллар тұра ма?
– Он минут пен жалғыз соққы 1 доллар тұрады. Ал қай жерінен ұруды білу 1000 долларға бағаланады,– дейді сонда шебер.