Мінезсіздік − өте нашар мінез.
Ж.Лабрюйер
Әр адамның мінезінде мұқалмайтын нәрсе бар, ол − мінездің қаңқасы.
Г.Лихтенбург
Әрекет ету үшін ең алдымен мінез керек, ал мінезді адам − парасатты адам, оның белгілі бір мақсаты бар және сол мақсатына тайынбастан ұмтылады.
Гегель
Сыналған достары жанында ұзақ қалмайтын адамның мінезі жаман.
Демокрит
Тәкаппар және қырсық адам ешкімнің ақылын тыңдамай, бәрін өз білгенінше жасайды да көп ұзамай өз қателіктерінің құрбанына айналады.
Эзоп
Шешімді тез қабылдамайтын адамдарды сөгудің қажеті жоқ. Әрине, тез шешім қабылдауды қажет ететін жағдайлар болады, бірақ әдетте бұндай жағдайда шапшаң адам баяу адамға қарағанда көбірек қателеседі: бірақ шешім қабылданған соң оны орындаудағы баяулықты сөккен жөн: бұл әрқашан зиян келтіреді, пайдасы сирек.
Ф.Гвиччардини
Бәлеқор жаныңда болса, бәледен бас алмассың.
Жүсіп Баласағүни
Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.
Әл-Фараби
Егер адам бойындағы зиянды әдет-дағдыларды түп-тамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса бар күш-жігерімен кіріссе, одан құтылу да қиынға түспес еді... Бірақ та қиыншылығы сонда − мысқылдап ұзақ уақыт енген жаман әдет-дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек.
Константин Дмитриевич Ушинский
Өз мініңді көруден, басқаның мінін көру оңай.
Ғ.Мүсірепов
Өзінің осалдығын білген − ең құдіретті кісі.
Оноре де Бальзак