- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Мінез сипаты...
Мінез сипаты
Әрбір адамның үш мінезі бар: басқалардың оған телитін, оның өзіне-өзі телитін және ақырында, шын мәнісінде өзінде бар мінезі.
В.Гюго
Мінез әркімнің өзі көздеген мақсаттарына жету жолындағы жігерлі талпынысынан тұрады.
И. Гете
Мінез үлкен істе де, кішкене істе де өзің қабілетім жетеді деп сезінген нәрсені дәйектілікпен жүзеге асырудан тұрады.
И. Гете
Мінез принциптерге сай әркет жасау қабілетінен тұрады.
И. Кант
Байыптылық – мінездің негізі.
О. Бальзак
Адамның мінезі бәрінен гөрі қиын-қыстау сәттердегі сыңайынан жақсы танылады.
С. Цвейг
Ақыл-ойдың теориялық өмірі ақыл-ойды қалыптастырады, тек жүрек пен еріктің практикалық өмірі ғана мінезді қалыптастырады.
К. Д. Ушинский
Талант тыныштықта пісіп-жетіледі, мінез өмір дауылдарында шыңдалады.
И. Гете
Адам мінезі деп – мен оның моральдық әдеттерінің жиынтығын айтамын.
Стендаль
Мінез күші, өзінің мазмұнына байланыссыз түрде – ештеңемен айырбастауға болмайтын асыл қазына. Ол тек адамның жан дүниесіндегі табиғи қайнар көздерден ғана нәр алады, сондықтан адамдағы абзал қасиеттер атаулының негізі ретінде тәрбие бәрінен гөрі күшті көбірек құнттап сақтауға тиіс.
К. Д. Ушинский
Мінез еңбекпен шыңдалады, сондықтан өзінің аса зәру ас-суын ешқашан өз еңбегімен таппаған адам көп жағдайда-ақ өмір бақи әлсіз, әлжуаз және мінезсіз адам болып қалып қояды.
Д. И. Писарев
Берік тәртіп ұстанбаған адам – әрқашан мінезден де құралақан дерлік адам: онда мінез болса, өзіне тәртіп-ережелердің соншалық қажет екенін сезінген болар еді.
Н. Шамфор
Мықты мінез оралымды ақыл-парасатпен үйлеуге тиіс.
Л. Вовенарг
Аң мінезді адам – аңнан да жаман.
Р. Тагор
Қоғамда мінезсіз адамнан өткен қауіпті ештеңе жоқ.
Ж. Д. Аламбер
Мінезсіз адам – адам емес.
Н. Шамфор
Сатқындық көбіне-көп ойдан өткерген ниетпен емес, мінездің осалдығынан жасалады.
Ф. Ларошфуко
Залымдықпен кек жасырма ішіңе,
Сыйлар сонда сені үлкен де, кіші де.
Фирдоуси
Жел шақырса, жаңбыр келер.
Р. Эмерсон
Жақсы мінез – бүкіл өмірімнің сарқылмас байлығы.
У. Гэзлит
Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма-шуақ болады.
Демокрит
Қыңырлық – ақымақтардың жарнамасы.
Я. Княжнин
Адамды бір-бірімен ақылдан гөрі мінезі анағұрлым көп жақындастырады.
Э. Рэнам
Қашан да қасыңдағылардың қытығына тиіп, өзі үнемі күйіп-пісіп жүретін, сөйтіп, жан баласына жақпайтын кісінің ешқашан да бағы ашылмақ емес. Ол-ол ма, көбінесе басқалардың соры қайнауына себепші болатын да сол.
Д. Леббок
Басыңа қандай іс түссе де, сергектігіңнен жазба.
Л. Н. Толстой
Басқалар барда да, жасырып та ұятты ештеңе жасама. Сенің бірінші заңың өзіңді өзің құрметтеу болуға тиіс.
Пифагор
Адам – өзіңнің іс-қылықтарыңның тізбегінен басқа ештеңе де емес.
Гегель
Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна.
И. Гете
Дана адамдардың іс қылықтары – ақылдың, пайымы одан гөрі аз адамдардікі – тәжірибенің, барып тұрған надандікі – қажеттіліктің, хайуандардікі – табиғаттың әсерінен болады.
Цицерон
Ақылды да жақсы, жүрегі де жақсы адам ғана нағыз жақсы әрі сенімді адам.
К. Д. Ушинский
Біздің кез келген ең ұсақ, ең мәнсіз, ең елеусіз қылығымыздан-ақ біздің бүкіл мінезіміз көрінеді: ақымақтың кіруі де, шығуы да, отыруы да, орнынан тұруы да, үнсіздігі де, қимыл-қозғалысы да ақылды адамға қарағанда басқаша.
Ж. Лабрюйер
Сенің әрбір қылығың басқа адамдарға әсер етеді; қасыңда адам барын ұмытпа.
В. А. Сухомлинский
Істеуге болмайтынды тіпті ойыңда да істеме.
Эпиктет
Адамның кемшіліктері оның жақсы қасиеттерінің жалғасы тәрізді. Бірақ егер адамның жақсы қасиеттері керегінен артық болса, керек уақытында байқалмай, керек емес уақытында, керек жерінде емес, керексіз жерінде байқалса, онда бұл жақсы қасиеттері кемшіліктері болып табылады.
В. И. Ленин
Басқаның бойында бар не нәрсені мақұл көрмесең, өзің де одан сақтан.
Катон
Ұйықтағың келген өткен күн ішінде өзіңнің барлық қылықтарыңның байыбына жетіп алмай көзіңді жұмушы болма.
Пифагор
Басқалардың жаман қылықтарын алға тартып ақталу – лаймен жуыну деген сөз.
Ж. Петти – Сан
Әділетсіз әрекеттің жасалуына кедергі жасау қажет. Егер біз мұны істеуге шарасыз болсақ, онда ең жоқ дегенде әділетсіз қылыққа септеспеуге тиіспіз.
Демокрит
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru
Қ. Бүйенбай