- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Мінез – жанның...
Мінез – жанның айнасы
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. әл-Фараби
Жаман мінез-құлық – рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданылатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек. әл-Фараби
Ашу қысса, ақылың ғайып болады. Махмұд Қашқари
Кісіге екі дүниеде пайдалы –
Ізгі іс немесе мінезі түзулік.
Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады. Жүсіп Баласағұни
Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім. Абай
Жанның ішкі дүниесі жүзінен танылады, ойдың бояуы болмайды деп ойлау жаңсақтық. Виктор Мари Гюго
Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. Иоганн Вольфганг Гете
Байыптылық – мінездің негізі. Оноре де Бальзак
Паңдық, надандық, тәкапарлық, асқақтық не айтқызбайды. Ғабит Мүсірепов
"Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді" деген сөз ата-ананың тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Бірақ бұл мақал тәрбиемен мінезді түзетуге болмайды деуге дәлел емес. Жүсіпбек Аймауытов
М. Оңғарова