- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Михаил Литвак: «Адамның...
Михаил Литвак: «Адамның көзқарасын білгің келсе, оған арман-мақсатыңды айт»
Михаил Ефимович Литвак – психолог, психотерапевт, медицина ғылымдарының докторы, психология туралы отыздан астам кітаптың авторы.
Достарыңмен араласу жақсы, дұшпаныңмен қарым-қатынас жасау пайдалы.
Басқаның берер бағасына тәуелді болу – ең қиын тәуелділік.
Еріншек үміттеніп жүреді, іскер адам әрекет етеді.
Бір рет ұрыссаң, он рет мақта.
Адамдардың өзіңе деген көзқарасын білгің келсе, оған арманың мен мақсатыңды айт. Саған қырын қарайтын адам сөзіңді сынап, кері тартады. Жақын тартатын жан оны қалай жүзеге асыруды айтады.
Жетістікке жеткен кезде шын досың нешеу екенін білесің.
Сізді сүйетін жан өсіп-жетілуіңізге ат салысады. Сүймейтін адам кері тартады.
Кез келген адаммен араласқанда ешкім өзі туралы жаман ойламайтынын ұмытпа.
Іші бос адаммен уақыт өткізгеннен, кітаппен дос болған жақсы.
Ешкім ешкімді тастамайды. Тек біреуі алға озып кетеді, артта қалғаны мені тастап кетті деген ойда қалады.
Егер біреуден өзіңіз қалаған жауап ала алмасаңыз, онда сұрақты дұрыс қоймағаныңыз.
Ойға алған ісіңе күдіктенбе. Титтей де күдігің болса, ең нашар нұсқаны да таңда, іске кіріс.
Қарым қатынастан бас тартудың және жұмыстан шығудың бір ғана кешірілетін себебі – тұлғалық өсу тоқтауы.
Некеге тұрарда ойлан, нағыз бақыт деген физикалық, психологиялық, іскерлік қасиет бір-бірін толықтыру және сезім, өмірлік көзқарас және ұстанымдар сәйкес келуі.
Жан дүниесі кедей адам жалғыздыққа төзе алмайды, бірнәрсе алу үшін ғана өзгемен қарым-қатынас жасайды.
Ішкі әлемі бар адам жалғыздықта да өзін жақсы сезінеді, өзіндегі барын беру үшін қарым-қатынас құрады.
Қарым-қатынасты жауапкершілікті өз мойныңа ал. «Мені алдап кетті» деме, «мен алдандым» де. «мені ашуландырды» деме, «мен ашуландым» де.
Адамдардың сыртынан айтылған сөзге, ойға бола оған деген көзқарасыңызды тез өзгертетін болсаңыз, ақымақ қылығыңызды мойындағаныңыз.
Сүйгеніміздің кемшілігін көреміз, білеміз. Алайда оған керемет раушан гүліне қараған бағбандай қарау керек. Иісінен ләззат алып, сұлулығына тамсанып, тікенегіне тимеуге тырысу қажет.
Саңырауқұлақтың өзін іздеме, оған апаратын орманды ізде. Сол жерден саңырауқұлақ өзі табылады.
@. @assel_assanova