- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Мәселенің ар жағы...
Мәселенің ар жағы
Біреу Нилидің өз шәкірттеріне тек үй тапсырмасын ғана емес, музыканы да, неше түрлі ғажайып өнерді де үйрететінін, кітап оқытатынын және ерекше бір жерлерді аралап, жиналатынын біледі екен.
Бір сыншы, дана ғалымға:
– Мен сіздің осындай әлем-жәлем жылтырақпен, көрініп тұратын жеңіл нәрселермен қаншама жыл күресіп жүргеніңізді ұмытып қалдым. Енді міне сіз осының бәрін өз іліміңізге енгізіп жатыр екенсіз. Енді осының бәрінен бас тартыңыз, не болмаса маған осының себебін түсіндіріп беріңіз,-деді.
Нили:
– Мен одан бас тартуға, не болмаса оны түсіндіріп беруге міндетті емеспін, бірақ мен ол жайлы сізге қуана-қуана айтып беремін. Мен шәкірттеріме тапсырма берген кезде, олардың сол нәрсенің не үшін керек екенін түсінетіндігіне қарап беремін. Көп адам оның бәрін түсіне бермейді, олар асханаға ас ішуге келіп алып, ас ішпестен, аспазшы қызға ғашық болып кетіп қалған бозбалаларға ұқсайды.
Жастар музыканы түсінбейтін кезде оны тек ермек қылады, ондай кезде мен оларға музыка тыңдауға тыйым жасаймын. Қашан олар музыканы түсініп рухани нәр ала алады, сол кезде барып оларға әуен тыңдауға рұқсат беремін. Олар музыка тыңдаудан рухани ләззат алуды білмейтін кезде, тек жанып жатқан отқа қолын жылытып отырған адамдарға ұқсайды, онда одан бөлек тамақ пісіруге де болатынын білмейді. Ал қоршаған ортаны алатын болсақ, оның кейбірі сезімтал адамдар арқылы мәдениленеді. Олар қажылыққа, не болмаса әулие басына зияратқа барған кездегі жасаған қадамын ғана ойлайтын адамдарға ұқсайды.
Ал енді рухани дәрісті таратқан кезде, оған кітап оқығаннан басқа ештеңе бере алмаймын, себебі олар көрініп тұрған нәрседен де артық ілім бар екенін білулері керек. Кейде иісі мұрын жаратын тәтті жемісті иіскеп, сосын оны жеуді ұмытып кеткен адам сияқты болады. Иісі аңқыған жемісті иіскеуден ешкім қайтпайды, бірақ ол оны жеместен иіскеп отыра берсе, көп ұзамай аштан өледі ғой,-деп жауап берді.
Ж. Жұмағұлов