Жазушы, журналист, қоғам қайраткері, гуманист Марк Твеннің шығармашылығы көптеген әдеби жанрларды қамтиды. Том Сойердің "әкесі" әлі күнге дейін оқырманы ең көп жазушы саналады. Назарыңызға жазушының юморға толы нақыл сөздерін ұсынамыз.
♦ Жақсы кітап оқымайтындардың оқуды білмейтіндерден артықшылығы жоқ;
♦ Баспасөзде жарыққа шығатын жазалар көңіл айтуды қоспағанда, бәрі жарнама;
♦ Кешіру – бұл жанқиярлықтың күлгін иісі;
♦ Өтіріктің 3 түрі бар: өтірік, қасақана өтірік және статистика;
♦ Айқай-шу ештеңені дәлелдемейді. Мысалы, тауық жұмыртқалаған кезде кішкентай планетаны дүниеге әкелгендей дауыс шығарады;
♦ Жақсы болу адамды шаршатады;
♦ Сізге ешкім назар аудармай тұрғандай би билеңіз, ешкім естіп тұрмағандай ән салыңыз, біреуді себепсіз жақсы көріңіз және Жер жұмақ сияқты өмір сүріңіз;
♦ Әлем сізге бірдеңе беруі керек деп алданбаңыз. Ол сізге дейін де болған, сізден кейін де бола береді;
♦ Классика – бұл бәрі оқуға міндетті санап, бірақ ешкім оқымайтын шығармалар;
♦ Мен он төртке толғанда әкем соншалықты ақымақ көрінетін, бірақ жиырма бірге толғанда бұл қарттың кейінгі жеті жылда дана болып кеткеніне таң қалдым;
♦ Адам ұялатын жалғыз жаратылыс. Шындығында, ол тек ұятты істер жасайды;
♦ Темекіні тастау өте оңай. Мен өмірімде 100 рет тастағанмын;
♦ Мейірімділік – бұл саңыраулар еститін және соқырлар көретін нәрсе;
♦ Өмір осылай, адам бір нәрсеге алаңдамай қойса, екінші нәрсеге алаңдай бастайды;
♦ Денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы – ұнамайтын нәрсені жеу, ұнамайтын нәрсені ішу және ұнамайтын нәрсені жасау;
♦ Өзіңізге деген сенімділікті жойғысы келетіндерден аулақ болыңыз. Керемет адам, керісінше, сізде керемет бола алатыныңызға сенімділік береді;
♦ Қайда бара жатқанын білмеген адам қайда бара жатқанына таң қалады;
♦ Ақымақтарға рахмет айтайық. Оларсыз басқалар жетістікке жете алмас еді;
♦ Егер әйелім екеуіміз келісімге келе алмасақ, мен оның қалағанын орындаймын. Ол мұны "мәміле" деп атайды.
♦Мыңдаған ақылды адам танылмай өледі – не басқалар оларды танымайды, немесе олар өздерін танымайды;
♦ Әжімдер сіздің қай жерде күлгеніңізді көрсетуі керек;
♦ Адамның миы керемет нәрсе. Сіз сөйлескенге дейін өте жақсы жұмыс істейді;
♦ "Балалар мен ақымақтар әрқашан шындықты айтады" дейді ежелгі мақал. Бұдан шығатын қорытынды: үлкендер мен дана адамдар ешқашан шындықты айтпайды;
♦ Барлық күмәнді сейілткенше, үндемей, ақымақ болып көрінген жақсы;
♦ Егер сізге ақша керек болса, бейтаныс адамдардан сұраңыз; кеңес керек болса достарыңыздан сұраңыз; егер сізге ештеңе керек болмаса, туыстарыңызға барыңыз;
♦ Қайғысы бар адам басқаларды жұбата алады;
♦Егер сіз аш итке тамақ беріп басынан сипасаңыз, ол сізді тістемейді, ол осы қасиетімен адамнан ерекшеленеді;
♦ Ақымақтармен ешқашан дауласпаңыз. Сіз олардың деңгейіне түсесіз және олар сізді өз тәжірибелерімен жеңіп кетеді.