Мақтаншақтық туралы қанатты сөздер

Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Мені осы құштарлықтан қатқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтыламын.

Р. Шеридан

Ешқашан, ешбір жағдайда өзіңнің дандайсуыңа да, менмендікке салынуыңа да жол берме.

А. П. Чехов

Кім өзін құрметтесе, сол – бақытсыз, бірақ оның есесіне өзіне әбден көңілі тоқ адам – ақылсыз.

Г. Мопассан

Өзіне-өзі масаттану мен өзін-өзі дәріптеу – бақытсыздық, ол қасиеттер адамды ақымақ жасайды.

К. Либхнехт

Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар.

П. Бомарше

Зат неғұрлым жеңіл болса, бос болса, соғұрлым орынды көп алады. Мақтаншақтық та сондай.

Л. Н. Толстой

Тәкаппарлық өзі туралы тым жоғары және басқалар туралы тым төмен пікірден қалыптасады.

М. Монтень

Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес келмейді.

Пифагор

Ерлік жайында су жүректер, ізгілік жайында арамзалар бәрінен де көп айтады.

Л. Н. Толстой

Бір мақтаншақ жігіт театрда: өзінің ақылды екенін, өйткені көптеген философтармен сұхбаттасқанын айтқанда, Эпиктет былай депті: «Мына менің де бай таныстарым көп-ақ, ал сөйте тұра өзім бай емеспін.

Эпиктет

Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс.

Я. Коменский

Өзін өзі мақтау адамды кемітеді.

М. Сервантес

Тумай жатып толдым деме, толмай жатып болдым деме.

М. Әуезов

Өзіне-өзі ғашық болушылық – бұл адамның үлкен соры. Бұл, ең алдымен, өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.

М. Әуезов

Адам өзінің аяулы қасиеттері жайында неғұрлым аз ойлап немесе аз білсе, бізге соғұрлым көп ұнайды.

Р. Эмерсон

Біз өзіміздің аяулы қасиеттеріміз жайында неғұрлым көп айтсақ, соғұрлым оған жұрт аз сенеді.

П. Бошен

Барлық мақтаншақтардың басына туар күн: ерте ме, кеш пе, әйтеуір сөзсіз арандайды.

У. Шекспир

Мақтаныш барлық адамға тән: айырмасы мұны олардың қай жерде және қашан көрсетуінде ғана.

Ф. Ларошфуко

Шынайы мақтаныш өте ұяң да, адамдардың айыптауынан қорқады.

Н. В. Шелгунов

Мақтаныш жете ойланбаудан әрі өзін өзі білмеуден болады.

Д. Аддисон