- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Махаббаттың 8 түрі...
Махаббаттың 8 түрі
Дүниедегі ең киелі, ең қасиетті сезім – махаббат. Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырған екен. Сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махабаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады. Қалай десек те, осынау ұлы сезімді әр адам өзінше түсінеді, өзінше қабылдайды.
Бүгін біз сіздерге орта ғасырдағы шығыстың ғұлама ғалымы, қоғам қайраткері, білгір дәрігер Рәшид-әд-дин Хамаданидің (1247-1318) махаббат туралы тәмсілдерін назарларыңызға ұсынамыз.
Ғұламаның айтуынша, махаббаттың 8 түрі болады екен. Бұл қандай махаббат? Бірге біліп көрелік.
Бірінші түр – қарапайым адамдардың арасындағы махаббат, ол ымыраласудан араздасу кезеңіне дейін созылады.
Екінші түр – әйел мен еркектің арасындағы сезімдік білгірліктің тұтануынан өшуіне дейін созылады.
Үшінші түр – ата-ананың махаббаты. Әке-шешенің перзентіне сүйіспеншілік бесіктен көрге дейін баянды.
Төртінші түр – жұбайы мен зайыбының некелескен сәтінен айырылысар кезіне дейін болатын жақындасу махаббаты.
Бесінші түр – қолындағы бар сыйлығын тарап біткенше құдіреті күштілердің құзырына табынатын кедей сорлының жарамсақтығы сияқты құлқынқор махаббат.
Алтыншы түр – табысудан айырылысуға дейін созылатын, ғашықтардың арасындағы табиғи махаббат.
Жетінші түр – адам баласының Құдайға мінәжат етуінен туындайтын махаббат.
Сегізінші түр – шынайы махаббат, ал оның бастауы да, құрдымы да болмайды.
Ж. Жұмағұлов