Ертеде адамның бар құнды қасиеттері өмір сүретін арал болыпты. Қуаныш, мұң, білім және махаббат та бірге ғұмыр кешіпті. Бір күні Сезім аралдың бірте-бірте суға батып бара жатқанын байқайды. Өзінің серіктерімен келісіп, аралдан кеме арқылы жүзіп өтуге шешім қабылдайды. Тек Махаббат аралда қалып, соңына дейін күтуге бел буады. Бірақ, оның шарасы таусылып, өмір сүруге қолайлы жер қалмай, айналасын су басады. Жанынан өтіп бара жатқан Байлықтың кемесін көріп, көмекке шақырады. Бірақ Байлық болса асыл тас пен жақұтқа кемесі толы екендігін айтып, Махаббатқа орын жоқ екендігін ескертіп, көмектен бас тартады.
Бірнеше уақыттан соң Тәкаппарлықтың кемесі жанынан өтеді. Шарасыздықтан шаршаған махаббат көмекке зәру еді. Бірақ Тәкаппарлық Махаббатты кемесіне жолатпастан, жүзіп өтіп кетеді.
Көмек сұрап Мұңға жалынады. Мұң болса: «Сенің жалғыз қалғанын қандай өкінішті» деп қасынанан ол да өтіп кетеді.
Ал ойын мен күлкіге мас болған Қуаныш болса, Махаббатың зарына мән берместен өте шығады.
Кенеттен «Махаббат, жүр, мен саған көмектесейін» деген дауысты естиді. Бақыттан басы айналған Махаббат тіпті өзіне көмектескен жанның атын сұрауды да ұмытып кетеді. Жаңа аралға жеткен соң, кемеден түскен бойда Махаббат Білімнен «Мені мына аралған әкелген кім?» деп сұрайды.
Білім: «Оның есімі – Уақыт»,– дейді.
«Уақыт? Ол маған неге көмектесті?»,– деп таңғалады Махаббат.
«Өйткені уақыт қана өмірде Махаббаттың қаншалықты маңызды екенін түсінеді», –дейді Білім.