- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Махаббат пен Уақыт...
Махаббат пен Уақыт
Бүгінгінің ең үздік тәмсілі ұсынылады. Махаббат пен уақыт арасындағы тағы бір байланыс.
* * *
Ертеректе... Өте ертеректе бір аралда бүкіл Сезімдер мен адамның барлық рухани құндылықтары бірге өмір сүріп жатты: Қуаныш, Қайғы, Таным және басқалары. Махаббат та сол аралдың тұрғыны-тұғын.
Бірде Сезімдер аралдың мұхит табанында қалып, көз ұзамай батып кетерін байқады. Барлығы бірден өз кемелеріне мінді де, аралды тастап шықты. Тек Махаббат қана асықпай, асықпаған күйі соңғы минуттарға дейін бір қайран болар деп күткен еді. Сосын барып, бір уақыттарда аралды түгел су алып, өзі су астында қалып бара жатқан кезде ғана көмек шақыра бастады.
Қасынан Байлықтың сән-салтанатты кемесі өтті.
Махаббат одан кемесіне алуын өтініп көрді, бірақ, Байлық кеменің көп қымбат зат пен алтын, күміске толы екендігін айтып, Махаббатқа орын жоқтығын жеткізді.
Сосын, Махаббат кемесі жақында тұрған Тәкаппарлыққа қарады...
Бірақ Махаббатқа берілген жауапта оның баруымен тәртіп бұзылып, Тәкаппарлық кемесіндегі мүлтіксіздікке олқылық келетіндігін естіді.
Махаббат жалынышпен Қайғыға көңіл аударды.
"О, Махаббат, - деді Қайғы, - Өзім сондай қайғылымын, мен жалғыздықта қалуға тиіспін".
Аралдың ту сыртынан Қуаныш жүзіп өткен болатын. Бірақ ол қуаныштан қолы тимеген күйі Махаббаттың даусын естімей кетті.
Кенет Махаббаттың құлағы бір дауысты шалды:
"Мұнда кел, Махаббат, сені өзіммен бірге алып кетемін".
Махаббат жүзі қуарған, ап-арық аппақ шалды көрді. Шаттықтан басы айналып, қатты қуанған ол, тіпті, шалдың атын сұрауды да ұмытып кеткен-ді. Аман-есен Жерге жеткен соң, Махаббат түсіп қалып, шал ары қарай жүзіп кете берді.
Шалдың қайығы көкжиекке сіңіп жоғалған соң, Махаббат әлгі шалдың атын білмек түгілі, тіпті, алғыс айтпағанын есіне түсірді.
Танымға қараған ол:
"Таным, маған айтшы, мені құтқарған кім?" - деп сұрады.
"Бұл Уақыт болатын", - деп жауап берді Таным.
"Уақыт?" - деп таңғалды Махаббат, - Неліктен Ол маған көмектесті?"
Сонда Таным былай деп жауап берді:
"Тек Уақыт қана бұл өмірге Махаббаттың қаншалықты керек екендігін түсінеді және біледі".
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: taiar.com.ar
Л. Лига